Менің балгерге сенуіме себеп болған оқиға

Қазіргі кезде емші, балгер, көріпкел, тәуіп деген көбейіп кетті. Маған бәрінің айтатыны бірдей сияқты көрінеді. Бара қалсаң, дуаланғансың, біреу жолыңды жауып тастаған деп бастайды. Сонан соң дуаңды қайтарамын, жолыңды ашамын деп ананы әкел, мынаны әкел деп қолыңа тізім ұстатады. Оған қоса ақшаңды және алады. Кейбірінің белгілеп қойған бағасы бар. Алайда соны біле тұра адамдар неге солардың қызметіне жүгінеді?

Негізі мен емші-балгер дегенге сенбеймін. Олардың бәрін алаяқтар деп ойлайтынмын. Бірақ басымнан өткен бір оқиғадан соң пікірім өзгеріп қалды. «Алаш айнасы» арқылы сол оқиғаны ел-жұртқа жеткізіп, ой бөлісуді жөн санадым.

Оқиға былай болған еді

Осыдан екі жыл бұрын «көлік құнының 50 пайызын төлесең, автосалоннан жаңа көлік алып, қалған ақшасын үстеме пайызсыз бөліп төлеуге болады екен» дегенді естіп, автосалоннан жаңа көлік алуға бел байладым. Ол ойымды амалға асыру үшін ескі көлігімді сату қажет болды. Ескі көлігімнің сырт көрінісі жап-жақсы-ақ. Моторында да кінәрат жоқ. Көлік жөндеу орталығына кіргізіп, барлық ұсақ-түйек кемшілігін түзеттім. Көз тартсын деп кузовын да полировка жасатып, жалтыраттым. Бір сөзбен айтқанда «идеальный» етіп қойдым. Тіпті өзім де қимай қалдым. Бірақ мақсат оны сатып, жаңасын алу. Сондықтан сенбі күні ерте тұрып көлік базарына бардым. Өз ойымша «ә» дегеннен сатылып кетуі керек. Алайда, арадан екі-үш сағат өткен соң алып ұшқан көңілім құлази бастады. Себебі ешкім сұрамады. Қасыма ере барған досым «бағасын «договорная» деп қояйық, сонда адамдар бағасын сұрайды, бағасын сұрағандарға келісеміз ғой дейік сонда машинаны қарайды, қараған соң ұнатары сөзсіз» деген соң көрсетілген 10 500 доллар деген бағаны өшіріп, бағасын «договорная» деп қойдық. Бірақ үмітіміз ақталмады. Түс ауды. Сұраушы жоқ. Тіпті қызығушылық танытқан бір адам болмады. Содан базар жексенбі күні қызады деп өзімізді жұбатып, келесі күні базарға тағы бардық. Алайда ол күні де менің машинама қызығушылық танытқан ешкім болмады. Дәл осылай екі ай бойы сенбі жексенбі күні базарға барып, жүніміз жығылып қайтып жүрдік. Үмітім үзіліп, келесі екі апта базарға бармадым.

Бір күні досым келіп, «Ақбұлақта бір емші бар екен, соған барғандардың көлігі тез сатылып кетеді екен» деп келді. Мен оған емші-балгерлерге сенбейтінімді айттым. Бірақ ол нең кетеді барып көрейік деп болмады. Шынымен де нем кетеді барсам, барып көрейін деп шештім. Бір жағынан өзім де іштей, «расымен де септігі тиіп көлігім сатылып кетсе ше?» деп ойлай бастадым. Не керек Ақбұлаққа барып, сұрастырып жүріп емшінің үйін таптық.

Үйден орыс әйелін көргенде, алғашында тосылып қалдым. Мен емшіні қазақ деп ойлағам (орыс емші болмайтындай). Бізден өзге де үш-төрт адам отыр екен. Бір қызығы бәрі қазақтар. Сонымен кезегім келген соң алдына барып, келген шаруамды айттым. Ол маған 5 литр су алып келуді тапсырды. Сол маңдағы дүкеннен су алып, қайта бардық. Судың қақпағын ашып қойып бірдене оқыған соң «базарға барар алдында осы сумен көлігіңді жу, ішіне бүркі» деді. Базарға жексенбі күні баруымды тапсырды. Шынымды айтсам, сонша сене қоймадым. Бұл сәрсенбінің сәті болатын.

Жексенбі күні досымды ертіп көлік базарына жол тарттық. Ерте-ақ шығып едік, әйтсе де біз барғанша базарда көлік көбейіп кетіпті. Жақсы орын табыла қоймады. Сонан соң табылған бір бос орынға тұруға тура келді. Жақсы орын табылмады жолымыз болмайды ау деген жаман ой келді. Алайда ол күдігім тез сейілді. Машинамды айналшақтап, қызығушылар көбейді. Тіпті екі-үш адам қатар келді. Маған олар бірін-бірінен қызқанып тұрғандай көрінді. Расымен де солай болды. Екі адам «мен бірінші сұрап тұрмын ғой» деп сөзге келіп қалды. Сөйтіп, екі сағатқа жетпей көлікті ойлаған бағаға сатым.

Арадан екі жыл өтсе де, әлі де сенгім келмейді, бұл шынымен де емші-балгердің ісі ме әлде кездейсоқтық па? Егер біреу айтса, сенбес едім. Бірақ өз басымнан өткен соң не ойларға білмеймін.

Сіз емші-балгерге сенесіз бе? 

alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста