Көк көзді әзірейілді көрген әже

Бұл оқиға оңтүстік жақта болыпты, сол жердегі жұрттың аузынан естідім. 90 жастағы Сейсенкүл апа Жомарт дейтін немересінің көлігіне отырып жүз елу шақырым жердегі бір ауылға бара жатады. Ол ауылда жамағайындарының бірінің жылдық асы өтетін болып, таңғы шайын іше салып ертелетіп жолға шыққан екен.

Жер де жазық, жол да жазық. Әрі-бері ағылған көліктер де көп болыпты сол күні.

Сейсенкүл апа кәрілік жетіп, осыншама жасқа келгеніне қарамастан тың кісі көрінеді. Үйдің ішінен көзілдірігін де өзі іздеп тауып алады, қойған жерін де ұмытпайды. Бақшада жатқан кішкене асқабақтарды балаларының «қойыңыз, көтермеңіз» дегендеріне қарамай, өзі-ақ көтеріп, жинап алады екен.

Түс әлетінде діттеген жерлеріне жетеміз деп жолға шыққан Сейсенкүл апа мен немересі Жомарт сол күні жол апатына түседі. Қарама-қарсы ағызып келе жатқан көлікке бұлар бетпе-бет шығып кетіп, қас пен көздің арасында екі көлік те екі жаққа аунап, күлпаршасы шығыпты. Кеудесі қысылып, ауыр жарақат алған Жомарт жедел жәрдемнің ішінде көз жұмады. Қария есігі ашылып кеткен көліктен сыртқа ұшып кетсе де, жамбасы ғана сынып, аман қалыпты.

Ауруханада жатқан әжей жанына батқан ауруын елемей, есін жия салысымен немересінің жағдайын сұраумен болады. «Бәрі жақсы, ол да емделіп жатыр. Өзіңіз тезірек сауығып кетіңіз» дейді үлкендер қарияға ештеңе айтпай.

Екі ай дегенде ауруханадан үйіне шыққанда ғана Сейсенкүл апа немересінің жоқ екенін, одан мәңгілікке айрылғанын естіп, біледі. Етегін жасқа малып, зар еңіреген әже есін жиған бір сәтте жандарындағы үшінші жолаушының жағдайы не болғанын сұрайды. Ешкім үндемеген соң, тағы да қайталап сұраған. Апаның үшінші жолаушының жағдайын сұрағанын әркім әр саққа жүгіртіп, дәрігерлер қатты соққыдан үлкен кісінің басына зақым келіп, осылай есінен шатасып отыруы да мүмкін екендігін айтады.

Көлікте шынында Сейсенкүл апа мен немересі ғана болған. Бөгде ешкім болмаған. Апат болған жерге келіп жеткен жол полицейлері де көлікте екі-ақ адам болғанын айтады. Бірақ қария ауылдан шыққан соң көлікте бөгде бір адамның пайда болғанын айтып, өзі де сол күнді есіне алып, сол адамның көлікке қалай отырып алғанына таңданумен болыпты.

«Бір заматта қарасам, Жомарттың артындағы орындықта көзі көк, сарғыш келген бір ер адам отыр. Жомартқа артынан төніп, төніп қояды. Ол болса рөлді екі қолымен сығымдап ұстап алған, анаған бірдеңе айтқысы келеді. Басын әрі тартып, артындағы сұсты жолаушыдан алып қашқандай болды бір кезде. Ол төніп, өңмеңдеуін қоймады. Мынау көк көз неме сұрланып, жүргізушімен неге жағаласады, ей, тәйірі. Тәйт әрі,өзін қай жерден отырғызып алған, тіпті, ешқайда тоқтамаған сияқты едік деп ойлағанымша болған жоқ. Дүние шыр айналып кетті. Одан арғысы есімде жоқ. Мен сол күні не де болса әзірейілді көрген екенмін...» депті еңкілдеген әже тарамыс қолдары қалтырап отырып.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста