Көк ешкінің хикаясы...

Көк ешкінің хикаясы...

«Алаш айнасындағы» мистикалық әңгімелерді жібермей оқимын. Оқи жүріп, небір тылсым жайттардың барына сенбеске лаж жоқ. Ендігі жерде өзімнің бала кезде басымнан кешкен жұмбақ оқиғаны баяндауды жөн көрдім.

 

Алтыншы сыныпта оқитын кезім. 1983 жылдың маусым айы еді.

 

Сол уақыттары біздің Баянауыл ауданы шамадан тыс жауынды болды. Жосалыдағы (қазіргі Ж.Аймауытов ауылы) біздің үй ауыл шетінде-тін.

 

Әпкем Зәуре екеуіміз ұзақты күн үйде отырып ішіміз пысты. Кешкілік мал келген уақытты барлығын қоралап, сиырды сауып үйге кірдік. Шешем ауруханада жатқан әкеме кеткен болатын.

 

Сөйтіп, Зәуре екеуіміз карта ойнадық. Қызығына түсіп отырғанда сыртта ешкінің маңырағанын естіп, бір сәт тына қалдық. Мән бермей, ойындық қайта жалғастыра беріп едік, ешкі тағы да маңырады. Қойларды қамағанда сыртта қалған мал жоқ, бұл не болды деген оймен далаға шықтық.

 

Қора шетінде бір көк ешкі тұр екен. Ойымызда түк жоқ, сыртта қалып қойған екен деп қаумалап қораға айдадық. Бірақ оған көнетін ешкі жоқ, кері қаша берді. Зәуре жылдам әрі жақсы жүгіретін. Ол ешкіні шарбақты бұрышына қарай айдап, көз ілеспес шапшаңдықпен арқасынан шап бергенде о тоба, сіздерге өтірік, маған шын ешкі көздеп ғайып болды. Елес пе еді деп Зәуре екеуіміз бір-бірімізге қараған күйі мелшиіп тұрып қалыппыз. Сол сәтте ешкінің маңыраған дауысы үй іргесінен 300-400 метр жердегі дөң жақтан шықты. Зәреміз ұшқан біз үйге қарай алды-артымызға қарамай зытып бердік.

 

Шынын айтқанда қорықтық. Түн ортасында шешем келгенге дейін көз ілмедік. Шешеме айтып, едік ол кісі күлді де қоя салды.

 

Содан бері 31 жыл өтсе де, әлгі оқиға ара-тұра еске түседі.

 

Ешкіні ұстап алмақ болған Зәуре қазір 45 жаста, аман-есен Павлодарда тұрып жатыр.

 

Бірақ ешкі туралы екеуіміз әңгіме қозғасақ, оны елес деп айта алмаймыз. Себебі, оның дауысын сол кезде біз үйде отырып естідік қой. Қызық...

 

 

 

 

Автор: Ағнұр ШӘУЕНТЕГІ, Екібастұз қаласы

alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста