ЕСЕНИНДІ ЖАЛМАУЫЗ КЕМПІР АҢДЫҒАН БА?

ЕСЕНИНДІ ЖАЛМАУЫЗ КЕМПІР АҢДЫҒАН БА?

Сергей Есенин Нева жағалауында өзімен өзі ойға шомып, қыдырыстап жүреді. Сол кезде киімі алба-жұлба ұсқынсыз бір кемпір алақан жайып, ақыннан бір үзім нан үшін тиын-тебен сұрайды.

«Құрып кет! Құрып кет, жалмауыз!» – деп қолын сілтеп, айқай салады ақын. Тура осы оқиғадан соң екі апта өткенде Есенин дүние салады.

Ақынның досы Вольф Эрлих Есениннің өліміне дәл осы кемпірді кінәлайды.

Сергей Есениннің ажалына мистика араласқанына ақын Вольф Эрлих өмірінің соңына дейін сенімді болыпты. Эрлихтың естеліктерінде айтылғандай, Есениннің жас кезінен магиямен айналысқаны, палшыларды жиі жағалағаны, тіпті өзі де сол заманның байшыкеш жастары арасында модаға айналған сиқыршылық рәсімдер өткізіп, спиритикалық сеанстарға қатысқаны белгілі. Мұндай сеанстар көбіне Есениннің еврей отбасынан шыққан досы, ақын Эрлихтың үйінде өтетін болған және оған Сергейдің басқа да достары әйелдерімен бірге қатысқан.

Сондай сеанстардың бірінде бұдан көп ғасыр бұрын өлген адамның жаны сөйлету үшін шақырылады. Сол кезде әлгі өлген адамның жаны жезтырнақ кейпінде: «Мен сен үшін келемін, күт…» дейді көп ішінен Есенинге қарап.

Мистикаға құлай сенетін ақын осыдан кейін өзін жаман сезіне бастайды. Тіпті бұған дейін де ол достарына өзге параллелді әлемнен әлдекімнің өзінің ізін аңдып жүретінін айтады екен. «Бірде мен одан әзәзілден қорқатын себебің бар ма деп сұрадым, ол себеп бар екенін, бірақ ол жайында әңгімелегісі келмейтінін айтты» деп жазады Вольф Эрлих.

1925 жылы 28-желтоқсанда Эрлих досы Есенинмен соңғы рет Питердегі қонақ үйде кездеседі. Жиналғандар қоштасып жатқанда, Есенин Вольфтың төс қалтасына бүктелген қағаз салып, үйіне барған соң оңашада оқуын өтінеді.

Әлгі қағазға Есениннің «Қош бол, досым, қош бол…» деген ең соңғы өлеңі түсіріліпті. Қорқыныштысы бұл да емес: қағаздағы сөздер сиямен емес, қанмен жазылыпты – кейін талдау-сараптама жұмысы осыны дәлелдеген.

«Мен оның өзіне қол салғанына сенемін, себебі соңғы кезде үмітсіздіктен торығып, ашынып жүрді, бірақ оны осы күйге дейін жеткізген ізін аңдыған әзәзілдер деп жобалаймын» дейді Эрлих.

Вольф Эрлихтың әлдебір әзәзіл жезтырнақ туралы өтініші соттағы ресми протоколға енгізілмейді, бірақ жалпақ жұртқа жайылып кетеді. СССР прокуратурасы мен НКВД бұған қызығушылық таныта бастайды. Бүгінгі заманның тарихшылары Есенинді аңдыған өзге әлемнен келген әзәзіл де, мистика да емес, НКВД-ның өзі ұйымдастырған із кесу екенін айтып та, жазып та жүр.

Жалғыз Вольф емес, Есениннің өлімі туралы талай мақала жазған тағы бір досы Георгий Устинов ақынның көзіне елестегендерді «Шляпа киген құйрығы бар сайтан, қызыл көзді құбыжық, басы жоқ өлген адамдар» деп сыпаттайды.

Әрине, Есениннің көзіне мұндай нәрселер қатты мас болғанда елестейтін болған. Ақынның аз ішпегені мәлім. Талай мәрте ауруханада мастықтан да емделген. Ақынның дәрігерлік картасы тұсындағы графа «Белая горячка, галлиюцинация» деп емдеуші дәрігердің қолымен толтырылыпты.

1921 жылы өзінің бір досына жазған хатында Есенин: « Бүгін ішпеймін, өйткені бөлмеме өлген кемпір кіргенін көрдім» деп жазыпты.

Айседора Дункан Америкада жүргенде мас болған Есениннің отелде айнаны ұрып сындырғанын, себебі күйеуі айнадан өзіне атылғалы тұрған құбыжықты көріп, тоқтатпақшы болғанын естелігінде жазады.

«Пал ашушыны көрсе Есенин «Менің қанша өмірім қалды?» деп сұраушы еді» дейді достары.

Шынымен де ақынды арғы әлемнен келген әзәзіл аңдыған ба, әлде «жоғарыдан» ақынды суицидпен өлтіру туралы бұйрық алған чекистер ақынның қонақ үйдегі нөміріне «о дүниеден келген әзәзәл» кейпінде келіп, «құрбандығын» қорқытып әлгіндей әрекетке баруға итермеледі ме екен. Кім білсін…

Төреғали ТӘШЕНОВ

aikyn.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста