Әже аруағы...

Алаш айнасынан мистикалық әңгімелерді оқып отырып, ертеде анам айтып берген бір оқиға есіме түсті. Сол оқиғаны сайт оқырмандарына баяндап берейін деп ойладым.

 

Анам айтып берген оқиға...

 

- Әкем қайтыс болғанда мен бой түзеп қалған қыз едім. Отбасыда меннен өзге анам, әжем және екі жасар інім бар болатын. Әжем өте қатал кісі болатын. Анамды қия бастырмайтын. Әжемнің рұқсатынсыз анам дүкенге де бармайтын. Үйде әскери тәртіп еді. Таңғы, түскі, кешкі ас дәл уақытында ішілетін. Әжем өзі ерте жататын да, бізді де «жатыңдар» деп жатқызып тастайтын. Анамның айтуынша, әжем түн ортасында тұрып, бәрімізді бір қарап шығады екен. Үстіміз ашылып қалмауын қадағалап отыратын көрінеді. Таңертең ерте тұрады да, бізді де оятатын. Әрине ол бізге ұнамайтын.

 

Кішкене есейіп қалған кезімде, кешке құрбыларыммен қора сыртына шығып әңгімелесіп, сәл кешігіп қалсам, әжем жер-жебіріме жетіп ұрысатын. Ондай кезде анам байғұс «мен рұқсат беріп едім, сыртынан қарап отырмын» деп қорғаштап әлек болатын. Ондай кезде әжем анамды да сыбап алатын. Сол үшін әжемді ұнатпайтынмын. Бірде әжеме, «сен өмір бойы тұрмайсың ғой. Өлген соң да бізді басқарып отырасың ба?» деп қалдым. Айтуын айтсам да, «енді әжем ашуланып, шыбықпен осатын шығар» деп зәрем кеткен. Бірақ әжем ашуланбады. Сәл үнсіз отырды да, сабырлы үнмен «мен сендерді арғы дүниеден бақылап отыратын болам» деді. Ол кезде әжемнің ол сөзіне мән берген жоқпыз.

 

Арада жыл өткенде әжем қайтыс болды. Жерлеп, жетісін де бердік. Абыр-сабыр тірліктен шаршап анам да, мен де сол күні қатты ұйықтап қалыппыз. Түнде інім нің жылағанын да естімеппіз. Төртке таяп қалса да, інім түнде бұтына жіберіп қоятын. Шошып жылайтын. Сол күні де бұтына жіберіп, шошып жылапты. Анам біреудің жұлқылап «тұр балаң жылап жатыр, бұтына жіберіп қойды» деген дауысынан ояныпты. Анам көзін ашқанда төсектің бас жағында әжемнің тұрғанын көреді. Анам ұйқысын аша алмай сәл отырады. Тек анам төсектен тұрған кезде ғана әжемнің елесі жоқ болып кетіпті. Тұрып қараса, інім расымен де бұтына жіберіп, асты су болып, жылап жатқан екен. Анам түнде көргенін ертеңінде маған айтты. Одан кейін де сондай жағдай бірнеше рет қайталанды. Анам түнде інімнің жылағанын естімей қалса, үнемі әжем жұлқып оятады екен.

 

Әжемнің жылын берген соң, кешке құрбылармен биге бардым. Бұл әжем қайтыс болған соң ойын-сауық кешіне алғаш баруым еді. Биден шыққан соң құрбыларыммен көше қыдырып, үйге кештеу қайттым. Үйдің есігі іштен ілулі болған соң терезе қақтым. Інім шошып оянып кетпесін деп ақырын тықылдаттым. Жауап жоқ. «Анам естімеді-ау» деп, сәл қаттырақ қақтым, тағы үнсіздік. «Мама» деп дауыстамақ болып, жақын барып, терезеге үңілдім. Өз көзіме өзім сене алар емеспін. Терезе алдында қабағы қатулы әжем тұр. Ұрмақ болып, әйнектің ішкі жағынан маған қол сермеп қалғанда, жерге құлап түстім. Сол маңда тұрған шелекті қоса ала кеттім. Шелектің салдыры мен менің баж ете қалған даусымнан анам оянып кетіпті. Жүгіріп тысқа шықты. Үйге кірген соң көргенімді айттым. Анам «ол сені қорғап жүрген әжеңнің аруағы ғой, одан қорықпа» деді. Одан кейін үйге кеш қайтпайтын болдым. Әжемнің аруағы да мазалаған емес – деп анам әңгімесін аяқтаған еді.

 

 

 

Марал, Қостанай облысы

alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста