Ажалы жақын қалған адамның қандай түстер көретіні анықталды

 Ақтық сапарға аттанар кезі тақау қалған адамның қандай түстер көретіні белгілі болды. АҚШ-тың Буффало қаласында орналасқан Паллиативті жәрдем орталығының мамандары өздері осы бағытта арнайы жүрізген, табаны күректей 10 жылға созылған зерттеу жұмыстарының қорытындысын шығарып, нәтижесімен бөлісті. Яғни, аталмыш орталықтың ғалымдары мына жалғандағы көрер жарығы аз қалғанын тұспалдайтын, адамның арғы дүниеге аттанар сәтінің жақын қалғанын білдіретін түстер тізімін ұсынды. Бұл жайында FaceNews.ua ақпарат көзі хабар таратты.

Ғалымдар 18 ай бойы хоспистен шықпаған 63 пациентті зерделеген екен. Күн сайын олардан қандай түс көргендерін сұрап отырған. Алынған мәліметтер негізінде ажалдың жақын қалғанын тұспалдайтын түстер түрін анықтаған екен. Суішкілігі таусылуға жақын қалған адам әдетте есте қалатын жарқын әрі нақты түстер көретін болып шықты. Солардың бір парасын назарларыңызға ұсынамыз:

- Жұбатушы түстер: жақын немесе қамқор адам – әдетте бақилық болып кеткен, кейде көзі тірі – жұбатып жатады;

- Сапарға немесе саяхатқа дайындық;

- Марқұмдарды түсінде көру;

- Жақын адамын күту;

- Ашшы сабақ берген өмірлік тәжірибе. Ажалы тақаған адам өмірдегі көңіліне қаяу, жанына жара салған өмірлік ахуалды түсінде тағы бір мәрте бастан кешуі мүмкін. Мәселен, соғыс, аштық, жоқшылық, зорлық-зомбылық, жәбір-жапа, налалы сәттер, т.б.;

- Аяқталмаған іс. Кейде ажалы тақаған адамдар түсінде өзі аса маңызды ісін аяқауға үлгермей немесе қандай да бір себептермен шамасы келмей жатады.

Ескерту: Түс - әлі күнге жұмбағы мен құпиясы толық ашылмаған нейрофизиологиялық құбылыс болғандықтан көрген түске құлай сенудің қажеті жоқ. Аян түстерді ажыратудың және жорудың өз реті бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста