Әулие қыз

Жиембет жыраудың «Жотасы биік Дендерім» деп жырға қосқан мекені Атырау облысының Батыс Қазақстан облысымен шектесер тұсында орналасқан. Ресейдің Орал тауының сілемі осы Дендер өңірінде аяқталады. Жергілікті халық бұл тауды Дендертау деп атайды.

Дендер деген атау қалмақтың төбе, биіктік деген сөзінен шыққан. Тау-тасы мен жотасы жан түсінбес жұмбақ сыр бүккен бұл мекенге қатысты аңыз көп. Соның бірі – Дендертас жөніндегі әпсана. Осы жерде өмірге келген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Қойшығұл Жылқышиев бізге Дендертас туралы аңызды айтып берді.

Дендердегі атақты бір байдың Жауһар атты қызы болыпты. Бір күні қыз отауының сыртына біреу дүбірлете шауып келіп, атын мама ағашқа асығыс байлай сала, киіз үйге кіріп келеді. Қаннен-қаперсіз отырған қыз сасқалақтап, киініп те үлгере алмай қалады әрі үйде жалғыз еді. Аңғарғаны – алдында тұрған жігіттің көз тоймас көріктілігі, таныс емес үйге баса-көктеп кіргенін де іштей батылдыққа жорып қояды. Бай әкесінен қаймығып бұл үйге қыздың қатар¬¬-құрбылары да емін-еркін кіре бермейтін. Ша¬ла-шарпы қымтанған қыз әдеп сақтап, жігітке «төр¬летіңіз» дейді де, өзі жүгіре басып әкесінің шаңырағына барады. Әңгімені естіген әкесі «бұл қай басынғандық?» деп ашуға басып, жандайшаптарын шақырып, жігіт отырған қыз отауының сыртын қыл арқанмен шырмап байлап тастайды да, байлауда тұрған айғырын піштіртіп жібереді. «Қыз үстіне баса-көктеп кіргенді көрсетейін!» деген түрі болса керек.

Бір күн өтеді, жігіттен үн шықпайды. Екі күн өтеді, тым-тырыс. Шілденің аптап ыстығы. «Бұл тым болмаса су сұрамай ма екен?» деп енді байдың өзі қобалжи бастайды. Байлаудағы айғыр да ұшты-күйлі жоқ.Құдайдың құдіреті, бай қыз отауының шырмауын шешкізіп, ішке кірсе, ешкім жоқ! Ақылға келген бай әлгі жігітпен тым болмаса тілдеспей, біліспей қал¬ғанына өкінеді. «Жын ба, шайтан ба?» деген күдік көңіліне кіріп, қызынан қайталап сұрай береді. Жын дейін десе, айғырды піштірген кезде өзі де жұртпен бірге қарап тұрған. Осы күннен бастап қыз мінезіне өзгеріс ене бастайды. Күндіз-түні көз алдынан көркем жігіттің бейнесі кетпей қояды.

Сондай күндердің бірінде жігіт қыз түсіне еніп, аян береді: «Жауһар, сенің әкең жайлап отыр¬ған Жамантау, шын мәнін¬де, жаман тау емес, заманның тауы. Асты-үсті тұнған бай¬лық. Оны алуға сенің көңілі тар әкеңнің ғұмыры жетпейді. Енді оның бұ¬рын¬ғы бар заманы зар заманға айналады. Мен Мәтен деген әулие едім. Саған әулиелік дарытқа¬лы келіп едім, әкең кедергі болды. Бірақ бәрібір сен әулиелік жолға түсесің. Әке бай¬лығының саған қажеті жоқ, еліңе қыз¬мет қыл, ауырғанды емде, алдағыны бол¬жа, жеріңді қазағың¬нан басқаға таптатпа. Сенің әр сөзің, тіпті көз жасың халқыңа пайда әкеледі. Әулие¬лігіңе елді сендіру үшін тау басына түнде жанып, қасына адам жақындағанда қозға¬лып, алыстап кететін «Дендер» деген ғажа¬йып тас қалдырдым. Ол тас әзірге сенің қолыңа түспейді, қартайғанда ие бола аласың. Сол кезде ғана еліңе керемет заман орнайды», – деп.

Жауһар ұйқыдан оянған бойы Жаман¬тауға бет алады. Құрбыларына көрген түсін айтып, бір өзі барғысы келетінін ай¬тады. Артынан шауып келген әкесіне құс¬тай ұшып жеткізбейді. Бойына бір қасиеттің қонғанын сезген қыз күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылады, ойынан көрікті жігіт кетпей қояды. Амалы жоқтықтан диуана¬лық күй кешіп кетеді. Бірақ қыздың айтқа¬ны айнымай келетін, қолының ұшы тиген сырқаты тәуір болып кететін болады. Солай ол «Қыз әулие» атанады. Бай әкесінің бар малы бір жұтта қырылып қалып, байғұс күйге түседі. Қыз әулиенің кереметтігі сол – ел шетіне жау кіргізбейді, халықтың байлығын тау астына жасырып ұстайды. Баяғы көрікті жігітке деген ғашықтығы бір сәт те басылмайды. Бірде Қыз әулие төбе басына шығып, құсалықтан жылайды, біраз уақыттан кейін басын көтеріп қараса, алдында жарқырап айдын көл жатыр дейді. Бұл қыздың көз жасынан жаралған көл екен. Күркіреуік, Сарқырауық деген бұлақтардан құйылып жатқан көлдің суы мен балшығына Қыз әулие емдік қасиет қосады, тұзды бұлаққа айналған бұл ме¬ талай адамның дертіне шипа болады. Осы көрініс жанын нұрландырған Қыз әулие айналасына қараса, өріс малға толыпты, ел еңсесін көтеріпті. Алақанында – ғашығы Мәтен айтқан Дендертас! Жар¬қыраған тасты қолына қыса ұстаған күйі «Мәтен, мен Дендертасты таптым!» деп төбеге қарай жүгіре жөнелгенде алдынан бір қария кезігеді. «Жауһар, мен мұнда¬мын. Дендертасты еліңе шашу қылып шаш. Бұл – байлық нұры, бақыт жыры!» – дейді де, көзден ғайып болады. Құшағын жай¬ған бойы ауа қармап қалған Қыз әулие: «Мен енді не істеймін, Мәтен?» – деуге ғана шамасы келеді. Сол кезде бейіт асты¬нан: «Біз өмір бойы бір-бірімізге қолымыз жетпей өттік, енді сен менен алыстама», – деген дауыс естіледі. Қыз әулие сол сәтте Дендертасты еліне шашу қылып шашады. Жұрттың бәріне жетті-ау деген кезде өзі де Мәтен зиратының жанына барып, жер астына кіріп жоқ болып кетеді. Сөйтіп, Мәтен мен Жауһардың зираттары ел бас иетін қасиетті мекенге айналады.

Қыз әулиенің көз жасынан жаралған Индер көлі айнадай болып ағып жатыр. Қазақстанда теңдесі жоқ Мұзқұдық та – осы маңда. Қысы-жазы ерімейтін Мұзқұ¬дық жайлы да ел аузында аңыз көп, соның бірінде ол Жауһардың Мәтенді енді таба алмайтынына көзі жетіп, көңілі суынғанда пайда болған делінеді.

Мәтен бейіті мен Қыз әулие мәңгілік тыныстаған жерден сәл алға жүрсең, ал-дыңнан Махамбет пен Сырым батырға бата берген Малайсары бидің мазары көз¬ге шалынады. Одан 40 шақырым¬дай жерде Мұрат Мөңкеұлының зираты жатыр.

alashainasy.kz/

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста