Атымды атап шақырған елес қыз...

Бірінші курсты тәмәмдап, жазғы демалысқа шыққанбыз. Сол жылы жатақхананың жөндеу жұмысына қалдым. Өйткені, жазда жатақхананың жөндеу жұмысына қалғандар, қыркүйек айындағы ауылшаруашылық жұмыстарына (картошка жинауға) бармайды. Ал жатақхананың жөндеу жұмысы жеңіл болатын. Қасымдағы жігіттер күзгі картошка жинау науқанына баратын болып үйлеріне қайтып кетті де, бөлмеде жалғыз қалдым. Сол жазда жатақханада түсініксіз жағдайға тап болдым.

 

Жұмыс басталғалы он күннен асқан. Жұмыс істеп жүр деген аты болмаса, жарытып жүргеніміз шамалы. Бас-аяғы төрт жігітпіз. Күндіз екі-үш сағат жөндеу жұмыстарымен жүреміз де, кешке киноға барамыз. Таңертең асықпай тұратын болғандықтан түннің бір уағына дейін шет елдік жазушының қазақ тіліне аударылған мистикалық шығармасын оқып жатқам. Түнгі үш шамасы. Дәлізден біреу менің атымды айтып шақырғандай болды. Қыз баланың дауысы. Техникалық институттың жатақханасы болған соң, мұнда қыздар саусақпен санарлық. Бары да жазғы демалысқа кеткен. Мұнда қыз қайдан жүр? Бәлкім дауыс даладан естіліп тұр ма екен деп ойлап, терезеден тысқа қарадым. Ешкім көрінбейді. Бойымды қорқыныш билесе де, дәлізге шықтым. Онда да ешкім жоқ. Тоқтай тұрып тың тыңдадым. Әлгі дауыс қайта естілмеді. Маған солай естілген екен ғой деп, бөлмеге қайта оралдым. Біршама уақыт елегізіп жатып, ұйықтап кетіппін.

 

Таңертең асықпай тұрып, жуынып-шайынып асханаға барып қайттым. Ол күні де жартымды жұмыс болған жоқ. Тиіп-қашып бірдеңе істеген болдық. Кешкі астан кейін біраз уақыт теледидар қарап, сосын бөлмеге келдім. Әдеттегіше қолға кітап алып оқып жатқам. Ұйықтап кетіппін. Құлағыма қыздың шақырған дауысы келді. Шошып ояндым. Қыздың наздана күліп, шақырған дауысы анық естілді. Неге екенін бұл жолы бойымда ешқандай қорқыныш сезімі болмады. Қандай да бір күш мені дәлізге бастады. Бөлмеден шықтым. Дәліздің соңғы жағындағы бөлмелердің бірінің алдында шашын жайып жіберген қыз күліп тұр. Мен шыққан соң ол бөлмеге кіріп кетті. Бірақ ол тұстағы бөлмелердің бірінде де қыздар тұрмайтын. Және ол бөлмелерде тұратын жігіттер демалысқа кеткен. Бөлмелердің түгелі жабық болатын. Сонда қыз жабық бөлмеге қалай кіріп кетті? Түсім бе? Бойым дір ете қалды. Жоқ, түсім емес, дәлізде тұрмын. Жүрегім суылдап қоя берді. Жалт бұрылып бөлмеге кірдім. Ойыма неше түрлі қорқынышты жағдайлар оралып, таң алдына дейін ұйықтай алмадым.

 

Таңертең кеш тұрдым. Жуынып келген соң түнде қыз кіріп кеткен бөлмеге бардым. Есігі құлыптаулы. «Бәлкім комендант жаз уақытына біреу-міреуді жіберді ме екен» деп ойладым. Есікті қақтым. Тым-тырыс. «Мүмкін таңертең ерте тұрып кетіп қалды ма екен» деген ой келді. Көңілдегі күдікті сейілту үшін коменданттан сұрадым. Ол кісі онда ешкім тұрмайтынын айтты. Сонда қалай болғаны? Бойымда қорқыныш күшейе түсті. Сәлден соң жұмыс басталып кетті де ол жайды ұмытқандай болдым.

 

Алайда кешке қарай түнгі елес қыз есіме қайта түсті. Ойымды басқа жаққа бұрмақ болып, төменге түсіп түнгі 11-ге дейін теледидар қарадым. Бөлмеге келген соң кітап оқымақ болып едім, көңілім алаң болып оқи алмадым. Неге екенін кітап оқысам қыз қайта шақыратын сияқты сезім болды. Ойланып ұзақ жаттым. Таңға қарай талығып ұйықтап кетіппін. Түн тыныш өтті. Екі түн дұрыс ұйықтамаған соң ба, үшінші күні кітап оқуға шама келмей жатып қалдым. Жата сала ұйықтап кетіппін. Ол күн де тыныш ұйықтадым. Кітап оқымаған екі түн тыныш болған соң «сонда түнгі елес қыздың пайда болуы кітаппен байланысты болғаны ма?» деген ой келді. Бірақ ол ойымды өзім жоққа шығардым. Алдыңғы түн жақсы тыныққан соң үшінші күні түнде кітап оқып жаттым. Кітаптың қызығына түсіп, елес қыз жайлы да ұмытып кетіппін. Бір кезде дәлізден қыздың сықылықтаған күлкісі естілді. Атымды айтып шақырды. Орнымнан тұрып, дәлізге шықтым. Неге екені бойымда қорқыныш сезімі жоқ. Бір күш жетектеп әкетіп барады.

 

Бөлмеден шыққанымда қыз дәліздің арғы бас жағында тұр екен. Қолын бұлғап шақырғандай болды. Қызға қарай жүрдім. Ол наздана күліп тұр. Мен жақындағанда ол «соңымнан ер» дегендей ишара жасап алға қарай жүрді. Соңынан еріп келем. Дәліз ұзарып кеткендей, соңына жете алар емеспіз. Бір кезде қыз дәліздің бас жағында орналасқан терезенің алдына келіп тоқтады. Терезені ашып, алдына шықты. Маған тағы да соңымнан ер деп ишара жасап, терезеден шығып жүріп кетті. Мен де қыздың соңынан еріп терезенің алдына шықтым. Сол сәтте анамның Абзал деп шақырған дауысын есітіп, тоқтай қалдым. Есімді жисам бесінші қабаттағы терезенің алдында тұрмын. Терезе ашық. Менің бөлмем үшінші қабатта болатын. Бесінші қабатқа қалай келгем? Қыздың соңынан ергенде баспалдақпен көтерілгем жоқ. Тек дәлізбен жүріп отырғам. Шошып кеттім. Ішке қарай секіріп түстім. Асығыс басып бөлмеге келдім. Сол күні таңды көзбен атырдым.

 

Студсовет төрағасы қызылордалық жасы үлкен жігіт болатын. Ертеңінде таңертең оған болған жайды айттым. Үйге қайтуға жауап сұрадым. Ол бұрын да елес қызды бір жігіттің көргенін айтты. Бірақ ол кезде оның сөзіне ешкім сенбеген екен. Аз-кем ойланып отырды да, студсовет басшысы «үйіңе қайта бер» деді. Бірдеңені біле ме екен жоқ әлде үлкендік ақылын айтты ма, әйтеуір студсовет төрағасы «оңтүстік жақта күшті молдалар көп қой, үйіңе барған соң солардың біріне дем салдыр. Үйге барған соң ұмытып кетіп жүрме» деп тапсырды.

 

Шұғыл жиналып, сол күні ауылға аттанып кеттім. Үйге барған соң болған жағдайды анама айттым. Екі-үш күннен кейін көрші аудандағы бір мықты молдаға барып оқытып қайтуды ұйғардық. Біздің жақта жаздың күні далада, тапшанда ұйықтайды. Ертең молдаға барамыз деген күні түнде елес қызды тағы көрдім. Түнде біреу түртіп оятты. Кластастардың бірі болар деп ойлағам. Көзімді ашсам, бас жағымда күлімдеп елес қыз тұр. Қорыққам жоқ. «Сен мұнда қайдан жүрсің» деген сұрағыма жауап болған жоқ. Абзал деген дауысқа селк ете қалдым. Қарасам, анам екен. «Неге тұрып алғансың? Кіммен сөйлесіп отырсың?» деген анамның сөздерінен кейін ғана орнымнан тұрып отырғанымды байқадым. Анама тағы да елес қызды көргенімді айттым.

 

Ертеңінде көрші ауылдағы молдаға бардық. Не жағдай болғанын сұраған молда үші күн оқитынын айтты. Солай үш күн оқыды. Соңғы күні молда, «оқуыңа барған соң ана кітапты суға ағызып жібер» деді. Молда кітап жайлы қайдан білді? Өзім айттым ба екем? Бірақ ол кітап жайлы молдаға айтқан-айтпағаным есімде жоқ. Күзде сабаққа барғанда молданың айтқанын орындадым.

 

Сол жағдайдан кейін мистикалық кітап оқымайтын болдым. Одан кейін де жатақханада тағы төрт жыл тұрдым. Бірақ елес қыз қайта келген жоқ. Тіпті түсіме де кірген емес. Кейде тылсым оқиғалар жайлы әңгімелер естігенде сол жағдай есіме түсетін. Түсіме кірер ме екен деп ойлайтынмын. Бірақ елес қыз мені қайта мазалаған емес.

 

 

Абзал Мұратбеков, Оңтүстік Қазақстан облысы

Аlashainasy.kz

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста