- Аруақтар дегеңіміз кім?
- Аруақ дегеңіміз танді тастаған жан рух, нәзік денелер. Біз көзге көрінбейтін көмескі әлемге өтіп, сонда өмірін әрі қарай жалғастыратындар.
- Аруақ келесі әлемге өткенде, оның өмірі қалай болады?
- Келесі әлемге өткенде , өмірі бұрынғыдай жалғаса береді.Осы өмірде оның өмірі қандай болса, келесі өмірде де оның өмірі сондай болады. Егер ол бұл өмірде рухани жетіліп, жаман қылықтардан арыла білсе, келесі әлемде де сондай жақсылыққа жолығып, өмірі ләззатқа толады. Оның өмірі періште дәріжесіне жетуі мүмкін.
- Жандар, перілер, шайтандар дегеніміз кімдер?
- Аруаққа айналған пенделер фани өмірде нәпсіге беріліп, жаман қылықтарынан арыла алмаса, онда келесі өмірін де сол қылықтарын жасап, азап шегеді. Ол өзінің жердегі қалыптасқан әдеті бойынша біреуді алдауға, жіберлеуге, мазақ етуге, қорқытуға дайын тұрады. Ондай аруақтарды жындар, перілер, шайтандар деп атайды.
- Аруақтардың әлемдегі алатын орны қандай?
- Әрбір кісі жақсылыққа үшін жаралған, сол жолды ұстаса бәле жаладан аулақ болады.
- Аруақтар әлемі қандай?
- Аруақ: Аруақтар әлемі көрнеу әлемге қарағанда өте нәзік, ауа, леп, дем тәрізді көрінбейтін, соңдықтан адамдардың көріп-білуіне болмайтын әлем.Себебі, көрнеу әлем мен көмескі әлемнін екеуінің және ондағы өмірлердің мақсаттары екі бөлек. Олардың әрқайсысының өздерінің бөлек өмірі бар. Соңдықтан болмыс заңдылығы бойынша олар біріне бірі кіріп, бірінің өміріне бірі араласпаулары керек. Осылай болу үшін бұл екі әлем бір-бірінен қатан шектелген.
Дина ЖҰМАБЕКОВА,
С. Торайғыров атындағы ПМУ студенті