Әлемнің әміршісі сайтан ба?

Інжілде Иса пайғамбарға пайғамбарлық қонар алдында оның қырық күн бойы шөл далада ораза ұстап, сайтанмен күрескендігі, ібілістің оны азғырып, жер дүниені көрсетіп, оның бар байлығы мен билігін беремін, маған табын дегені, бірақ Иса пайғамбардың әзәзілдің арбауына түспей, оның ұсынысынан бас тартқаны жайында әңгіме бар. Осыған қарап, сайтан мына фәни жалғанның әміршісі ме деген ойға қаласың.

Қасиетті Құранда Алла қарғысқа ұшыраған сайтанға жерге түс, саған қиямет күніне дейін мұрсат берілді, соған дейін алдауыңа еретін күнакарларды азғырасың дегені жайында аят бар. Бұдан сайтанның қиямет қайымға дейін адамдарды азғырып, күнакарлыққа тартатыны анық аңғарылады. Әрине, адамдарды азғырып, теріс жолға түсіру үшін ібілістің қызыл тілінен басқа қолында осы әрекетін жүзеге асыруға көмектесетін біршама құралдары болуы тиіс екендігі белгілі. Ондай құралдар: ақша, байлық, арақ-шарап, зинақорлық, құмар ойындары, алдау, қылмыс, ұрлық, мансап, атақ-даңқ сияқты фәни дүниенің бес күнгі қызық-шыжықтары болатыны анық. Қазір біз айналамызға ақылмен байыптап қарасақ, адамдарды арбаудың бұл құралдарының қаншалықты мүлтіксіз жұмыс жасап жатқаныдғын көрер едік.

Құранда айтылғандай, Алла сайтанға қиямет қайымға дейін мұрсат беріп қана қоймай, оның өз міндетін, яғни адамдар мен жындарды арбап, алдап теріс жолға салу жұмысын жүргізуі үшін қажетті құралдарды да бергені даусыз. Оның қандай құралдар екендігін жоғарыда айтып кеттік. Сайтан сол құралдарды пайдаланып, иманнан аулақ қалған пенделерді теріс жолға салып, адастыруда. Және ол бұл жұмысын өте белсенді, табысты жүргізіп жатқаны да қазіргі жағдайлардан анық абйқалады. Адамдардың арасында ақша, дүниеге, мансапқа сатылып, ар ұялар істерге баратын жайлары қадам басқан сайын кездеседі. Нәпсінің құлына айналған пенделер арсыздықтың ақылға сиымсыз әрекеттерін жасауда. Еркек пен еркектердің жақындасуы, жәй жақындасып қоймай үйленіп, отбасы құруы қазір ешкімді таңғалдырмайды. Батыс елдерінің бәрі дерлік гомосексуалдардың заң жүзінде некелесуіне, оалрдың бала асырап алуларына рұқсат беретін заң қабылдады.

Жемқорлық деген қазір барша әлемді билеп алды. Халықты алдап, ел үшін, жұрт үшін өйтеміз, бүйтеміз деп сайлау алдында үйіп-төгіп уәде беретін саясаткерлер қарақан бастарының қамын ойлап, жемқорлықпен ақша табуды ұят деп санамайтын болды. Министрлер, премьер-министрлер, президенттер жемқорлығы үшін абақтыға қамалып, сотталып жатады. Бұндайға қазір ешкім таңырқамайды. Өйткені, ол қалыпты жағдайға айналды.

Азғындықтың шектен шыққаны сонша, адамдар азғындықты қазір өмірдің қалыпты табиғи болмысы түрінде қабылдай бастағанға ұқсайды. Содан болар, дінге жүзін бұрғандар арасында «егер Құдай әділ болса, неге осындай арсыздықтар мен зорлық-зомбылықты, әділетсіздікті тыймайды?» деп, Аллаға, Оның құдіретіне сенімсіздікпен қарайтын жайлары көбейгендей. Осыдан бірнеше жыл бұрын бір басылымнан христиан дінін ұстанатын біреудің мақаласын оқыдым. Ол мақаласында «Мына әлемнің әміршісі сайтан, ол Құдайды жеңді. Мен бұрын Құдайға құдіретті күш ретінде табынушы едім, сайтаннан жеңілгеніне қарамастан қазір де Оған табынамын. Енді мен Оған аяушылықпен табынамын» деп жазады.

Христиан дінінде де, ислам дінінде де жыл өткен сайын дінді ұстанушылар ғана емес, дін қызметкерлері арасында діни шарттарды бұзу, оны ашықтан ашық бұрмалау көріністері жиілеп барады. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, АҚШ-та ғана жыл сайын кәмелетке толмаған ер балаларын католик монахтарының зорлағаны үшін сот арқылы ар-ождан шығыны ретінде адамдар миллиардқа жуық доллар ақша талап етіп, сот арқылы өндіріп алып жатады екен.

Сонау 90-шы жылдардың соңында Шығыс Қазақстанда бір мешіттің имамы мешіттің ішінде біреуді балталап өлтіріп, сол үшін сотталды. Ал Қарағандыда мешіт имамы мешітте қыз-келішектермен бірге арақ-шарап ішіп, қызойнақ жасағандығы туралы белді басылымда көлдей үлкен мақала жарияланды. Арқалықта шіркеудің попы шіркеу салуға деп жұрттан жиған ақшаны алып, қашып кеткені жайында республкалық басылым мақала жазды. Тізе берсең, мұндай дін қызметкерлері тарапынан жасалған ар ұялар істер жайында көптеп жаза беруге болады.

Құдай жолында жүрмін деп санайтын, діни шарттарды орындайтын дін қызметкері немесе сол дінді ұстанушы адамдар неге діни шариғатқа қайшы келетін теріс әрекеттер жасайды? Бұның астарында адамдардың Алладан қорқуды ұмытып, бес күнгі фәни дүниенің қызығына елтіп, сайтанның азғыруына ілесіп кеткенінен туған әрекет жатқандығы анық. Теріс жолға түсіп, күнаға белшеден басқан пенделердің Жаратқанның қаһарына ұшырамай, аман-сау жүргенін көргендер «Е, Алла деген жоқ шығар немесе сайтан оны жеңіп, осы дүниенің қожасына айналған екен, ендеше ібілістің жолына түсіп, бес күнгі қызықтан құр қалмайын» деген пендешілік ойдың жетегіне еретін сияқты.

Бірнеше жыл бұрын Бурабайда шипажайда демаланымда, менімен бір бөлмеде пайғамбар жасынан асқан кісі болды. Әлгі намаз оқымайды, ораза ұстамайды, яғни дінсіз адам екен. Содан бір күні әңгіме үстінде одан «неге намаз оқымайсыз, пайғамбар жасынан асыпсыз?» деп сұрадым. Сонда әлгі кісі «мен неге намаз оқимын, ауылдың молдасы ақша үшін арын сатып жүрсе, зина жасаса» деді. Оның ойынша «егер молда басымен сондай теріс әрекет жасаса, онда Құдайдың да, о дүниенің де жоқ болғаны ғой». Міне, адамдардың көбі сондай дін қызметкерлері мен дін жолында жүргендердің теріс әрекеттерін көргенде «бұлар неге мұндай жаман іс жасайды, егер Құдай болса бұлар мұндай жамандыққа бармас еді, қорқар еді» деп ойлап, дін жолына түсуге талпынбайтын секілді. Осылайша, өздері теріс жолға түскендерімен қоймай, әлгіндей адамдар теріс әрекеттері арқылы басқаларды да діннен бездіріп жүрген жайы бар.

akikat01.com

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста