Әкемді мүгедек қылған ешкі шайтан ба?

Әкемді мүгедек қылған ешкі шайтан ба?

Әкем өмір бойы шопан болды. Ол бір аяғын сылтып басатын. Кішкентай кезімде оның неліктен аяғын сылтап басатынын сұрағанымда «ешкінің әлегі ғой» дейтін. Оның мәнін түсінбесем де үлкен кісіше «е» деп қоятынмын. Мектепті совхоз орталығындағы интернатта жатып оқыдым. Совхоз орталында әкемнің достары мен туыстары көп болатын. Мені жиі-жиі сұрап алып кетіп, үйлеріне апарып тамаққа тойғызатын. Интернатта да аш болмайсың, бірақ үнемі біркелкі тамақты жей бергеннен жалығасың. Сондықтан кейде өзім де күндіз туысқандардың үйіне барып тұратынмын. Жиі баратын үйім – әкемнің досы Ернар ағаның үйі болатын.
Сол Ернар аға менің атымды атамай, үнемі «Ақсақ Темірдің баласы» дейтін. Жағдайымды, оқуымды сұрап, қомқорлық жасайтын. Жоғарғы сыныптарда оқып жүргенде, Ернар ағаның үйінде өз үйімдегідей еркін жүретін болдым. Кілттің қайда тұратынын да көрсетіп қойған. Үйде ешкім болмаса, өзім есікті ашып кіріп, шәйімді ішіп жүре берем. Демалыс күндері сол үйге қона саламын. Сондай кездерде әкеммен бірге жас кездерінде жасаған қылықтарын айтып отырады. Бір күні Ернар ағадан әкемнің неліктен аяғын сылтап басуын ешкінің әлегі дейтінін сұрадым.
Ол алғашында күлді де соңынан күрсініп, аз-кем үнсіз қалды. Сонан соң «ол бір қызықты да қорқынышты, түсініксіз жағдай болған еді» деп әңгімесін бастады.
«Ермек (менің әкем) екеуміз бала кезімізден дос болдық. Екеумізді достастырған, мүмкін, мінезіміздің ұқсастығы шығар. Екеуміз де сотқар болдық. Көршілердің балаларын ұрып-соғып, ойыншығын тартып алып, тауығының жұмыртқасын ұрлап әкелерімізден талай таяқ жегенбіз. Сол сотқарлық мектепте оқып жүргенде де қалмады. Талай талқыға түсіп, басқа талай таяқ тиді. Сабақты да жарытып оқымадық. Мектеп бітірген соң мен шопырлықты оқыдым. Ермек шопандықты таңдады. Ол үнемі «бәрінен де қой бағып, көтен жеген озар» деп жүретін. Ермек шопан болған соң оны әскерден қалдырды. Мен әскерге барып келдім. Әскерден келген соң, бір күні, мотоциклмен жайлауда жүрген Ермекке бардым. Сөмкіде екі жартылығым бар. Түс кезінде сол екі жартыны бөліп ішіп, ептеп қызып алдық. Түс ауа бөктерде жайылып жүрген малды көрейік, тауға шығайық деп, екі атқа отырып тауды бетке алдық. Отарға көмекші шопан ие болып жүр екен. Қойлары қоңды. «Көмекші шопаның, әйелің мен балаңды қосқанда қол астыңда үш адамың бар өзің бастық болып кетіпсің ғой» деп қалжыңдап та алдым. «Қойға ие болатын адам бар екен ғой, жақсылап ішейік» дедім. Ермек те кетәрі болмады. Тіпті, алдын ала дайындалып, қоржын басына үш шөлмек арақ пен тіске басар құрт пен біраз піскен етті салып ала шығыпты. Таудың бір шатқалын бетке алып ішкері қарай бардық. Қолайлы бір жер тауып, аттан түсіп жайғастық. Дастархан жайып, шөлмекті аштық. Мен әскердегі, ол ауылдағы қызықты айтып, ұзақ отырдық. Екеуміз де масайып қалдық. Тауды жаңғыртып ән салдық. Ермек үшінші шөлмекті үйге барып ішейік деп ұсыныс жасап еді, мен көнбей «осы жерде тауысып бірақ қайтамыз» деп отырып алдым. Жаз мезгілі болған соң жұлдыздар жарқырап, ай сәулесі түсіп, түн жарық болып тұр. Үшінші шөлмекті тауысқан тауыспағанымыз есімде жоқ. Түннің қай уақыты екенін белгісіз ешкінің маңыраған дауысынан оянып кеттім. Жан-жағыма қарап, тау ішінде ұйықтап қалғанымызды аңғардым. Ермекті ояттым. Ол да естіді ме, «мына ешкі малдан бөлініп қалған ба?» деп орнынан тұрды. Ешкінің дауысы шыққан жаққа қарай барды. Бірақ Ермек ол жерден ешкіні байқай қоймады. Ешкі маңырағанын тоқтатты. Мен де Ермектің қасына бардым. Әрі-бері көз жүгірттік. Ешбір тіршілік иесі байқалмайды. Сөйтіп тұрғанымызда, ешкінің дауысы қарсы жақтан шықты. Ана жаққа кетіп қалыпты ғой деп, солай қарай жүрдік. Дауыс шыққан жерге жақындағанда ешкі тағы үнсіз қалды. Олай-былай жүрдік. Ешкі көрінбейді. Мынау «жын ба, шайтан ба?» деп езу жиғанымызша, ешкінің дауысы үшінші жақтан шықты. Енді екеуміздің де бойымызды қорқыныш биледі. Мастығымыз да тарқай бастаған сияқты. Қой үйге қайтайық деп тұсаулы жүрген аттарға қарай жүрдік. Аттар біраз жерге ұзап кеткен екен. Аттарға қарай жүре бастағанымызда арқа жақтан ешкінің дауысы есітілді. Артқа бұрылсақ, ешнәрсе жоқ. Алға жүре бастасақ арқа тұсымыздан ешкінің дауысы қайта шығады. Енді шындап қорқа бастадық. Екеуміз бір-бірімізге иық тіресіп жақындай түстік. Дауыс шаққан жаққа қарап біраз тұрдық. Бұрылып алға екі-үш қадам басып үлгермей ешкі дәл арқа тұсымыздан тағы маңырады. Екеуміз де кілт бұрылдық. Ешнәрсе жоқ. Айнала тып-тыныш. Шырылдаған шегіртке мен анадай жерде жайылып жүрген аттардың пысқырынғаны есітіледі. Өне бойым шымырлап, аяқ қолдарым дірілдеп кетті. Байқаймын Ермек те дірілдеп тұр. Енді алға бұрылсақ ешкі желкемізге секіріп мінетін сияқты. Екеуміз де үнсізбіз. Бір кезде Ермек менің ойымды оқығандай, «алға бұрылмай, осылай теріс жүрейік» деді. Сөйтіп екеуміз алға бұрылмай, 50-60 метрдей жерді теріс жүріп аттарға жеттік. Ешкі соңымыздан ермей, қалып қойған сияқты. Атқа отырып үйге қарай бет алдық. Екеуміз де арқа жаққа қайта-қайта қарайлаумен келеміз. Біршама жүрдік. Ешкінің дауысы есітілмейді. Бір кезде Ермек «Ернар менің арқа жағыма қарашы» деді. Қарадым, ештеңе жоқ. Ермектің дауысы дірілдеп тағы да «аттың арқасына біреу мінгесіп отырған сияқты» деді. Қараймын, ештеңе көрінбейді. «Саған солай сияқтанған шығар ешкім де жоқ» дедім.
Бір кезде Ермектің даусындағы діріл күшейіп, «арқама ешкінің тұяғы батып келеді, анық сезіп отырмын жаңағы ешкі аттың арқасына мінгесіп алды» деді де, атқа қамшы басып шаба жөнелді. «Түс иттің баласы» деп айғайлап барады. Мен де Ермектің соңынан ере шаптым. Ермек оқ бойы озып, жеткізбей ұзап барады. Жылап, «түс» деп айғайлап бара жатқан дауысы есітіледі. Бір кезде Ермектің аты сүрініп жығылды. Мен жеткенде Ермек анадай жерде ес-түссіз жатыр екен. Ат та тұра алмай жатыр. Сарыкүзеннің ініне кіріп аяғы сыныпты. Ермекті атқа өңгеріп үйіне жеттім. Ол кезде таң да ата бастаған еді. Үйіне барған соң Ермек есін жиып, көзін ашты. Бірақ тіл қатпайды. Ешқандай қозғалыс та жоқ. Арадан екі-үш сағат өткенде Ермек тілге келді. Бір жақ аяқ-қолын сезінбей жатқанын айтты. Содан Ермек аудан орталығындағы ауруханада бір ай жатып емделіп шықты. Бірақ содан соң бір аяғын сылтып басатын болып қалды. Кейіннен, болған жайды айтқанымызда оған ешкім сенген жоқ. Қайта өзімізді мазақ етіп, естеріңді білмей қалғанша арақ ішіп, «белогорячка» болғансыңдар ғой деп үстімізден күлді. Бәлкім біреу айтса, мен де сенбес пе едім. Бірақ өз басымнан өткен нәрсені қалай жоққа шығарам».
Сол күні интернатта түнедім. Түсіме ешкі кіріпті. Шошып ояндым. Көзімді ашып қарасам, темір төсектің аяқ жағында маған тесіле қарап, маңырап ешкі тұр. Қорыққанан айғайлап көрпе астына тығылдым. Қасыма келіп, не болды деп көрпені тартып жатқан балалар маған ешкілер сияқты елестеді. Көрпені жібермей, қатып ұстап алғам. Бір уақытта барып есімді жидым. Ақырын көрпеден басымды шығарып, төсектің аяқ жағына қарасам, ештеңе жоқ. Қорыққанға қос көрінеді деген рас шығар. Бірақ мен оянғанда ешкіні анық көрдім.
Ертеңінде болған жағдайды Ернар ағаға айтып, интернатта түнеуден қорқатынымды жеткіздім. Ол кісінің не ойлағанын білмеймін, сол сәтте мені интернатқа ертіп барып, киім-кешегімді сөмкеге жинап салды да «енді біздің үйде тұрып оқисың» деді. Сол күннен бастап мектеп бітіргенге дейін Ернар ағаның үйінде жүрдім.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста