Бүгін «Алаш айнасының» «Қиял-ғажайып» айдарында Айда есітілген Азан жайлы білетін боласыздар. «Аполлон - 11» космос кемесімен ғарышқа ұшқан Нил Армстронг пен оның серіктестері, ғарышкерлер - Олдринг пен Коллинс 1969 жылдың 20 маусымында Айға қонған. Ай бетіне аяқ басқан алғашқы сәтте олар алыстан бұлдырап көрінген ашық тұрған үлкен кітапты байқаған. Артынша, олар бір әуен естіген. Ғарышкерлер алғашқыда ол әуенді радио толқынының жаңғырығы болар деп те ойлайды. Бірақ, олар қонған ай бетінде радио толқындарын қабылдауы мүмкін емес болатын. Жердегі ғарышкерлермен байланыс орталығындағылар да арнайы байланыс құралы арқылы сол әуенді естіген. Бірақ, ғарыш орталығындағылардың бірі «Дауыс жерден шықты» десе, енді бірі «Айдан келіп жатыр» деп, тартысқан. Дауыстың қайдан келіп жатқанына нақты дәлел таба алмаған соң орталықтағылар бір байламға келе алмайды. Ғарышкерлер кітапты суретке түсіріліп, әуенді таспаға жазылып алады. Алайда оған ешбір ғылыми негіз таба алмағандықтан, тылсым дүние жұмбақ күйінде құпия сақтаған.
Арада он төрт жыл өткенде, 1983 жылы американдық ғарышкер, астроновт Нил Армстронг ғылыми конференцияға қатысу үшін Мысырға келеді. Конференция өтіп жатқанда Президиумда отырған Армстронгтың құлағына Ай бетінде естіген құпия әуен қайта есітіледі. Айдағы әуенді Жерде естіген Армстронг жан-жағына елеңдеп, түрі өзгеріп кетеді. Таңғалысын жасыра алмаған ғалым, айналасындағылардан «Бұл қандай әуен?» деп сұрайды. Олар мұның жай әуен емес, мұсылмандарды намазға шақыру белгісі – азан екенін айтады. Сонда Армстронг алғаш Айға қонғанда осы дауысты естігенін айтады. «Осы дауыс! Менің алғаш рет Айға қонғанда естігенім осы дауыс! Менің тұла бойымды шымырлатып, шып-шып тер шығарған осы дауыс» деп таңданысын жасыра алмайды. Сол күннен бастап ғарышкер, астроновт-ғалым Нил Армстронг ислам дінін қабылдаған екен.
Ғалымдар азанның жер шарында 24 сағат бойы үздіксіз айтылатын дәлелдеген. Біріккен араб әмірлігінің математик-ғалымдары азанның айтылуы мәселесі бойынша арнайы зерттеу жүргізген. Зерттеу қорытындысын жариялаған ғалым Абдул Хамид әл-Фадил 360 сағаттық меридианнан тұратын жер планетасының әр меридианы бір-бірінен тура төрт минуттық интервалмен бөлінетінін есептеп шыққан. Ғалымның айтуынша, азан да орта есеппен 4 минут айтылады екен. Сондықтан да, азан бір мезгілде, бір меридианда айтылып бітсе, келесі меридианда басталып жатады. Сондықтан да, жер шарында азан 1440 минут немесе 24 сағат бойы үздіксіз орындалады.
Азан – аян арқылы жеткен ән. Ең алғаш Жебірейіл періште он бір сахабаның түсіне бірдей еніп, азанды үйреткен екен.
Ал бүгінге дейін Айда Азанның айтылуының құпиясын әлі ешкім аша алған жоқ. «Бұл, Жаратушының құдіреті» дегеннен басқа айтар жоқ.
Айда есітілген Азан
Последние статьи автора