«Сізге өтірік, маған шын, мен кісінің аурасын көре аламын» деп жазады әлеуметтік желідегі өз парақшасына 57 жастағы Ташкент тұрғыны Максим Веронин. Ол сондай-ақ аураның көлемі мен түр-түсі қандай болатынын да жазған.
Расында да ғылымда әр адамның өз аурасы болатыны дәлелденген. Ал бірақ әлдебір адамның аураны көре алатыны қабілетке ие екені туралы бұрын соңғы мәлімет тарамаған. Алайда бұ дүниеде рентген адам, көріпкел, тіпті өзенді теріс ағызатын адамдардың бар екені расталған шақта кісі аурасын көре алатын дарын иелерінің бар екеніне неге сенбеске.
Максимнің айтуынша, барлық адамда аура бола бермейді және кейбір адамда болса да олардікін көру мүмкін емес. Ал жүрегі ақ, ниеті түзу адамдардың аурасын көру еш қиындық туғызбайды екен.
«Адам аурасын алғаш рет 7-8 жыл бұрын ұжым болып бір әріптесіміздің туған күнін атап өтіп жатқанымызда көрдім. Ол уақытта мен ерігіп отырып, қызыл түсті қағаз майлықты көзіме басып, билеп жатқандар жаққа қарағанымда оншақты адамның тек екеуінің бойынан жазыл түсті сағымды көріп, шошып кеткенімді жасырмаймын. Содан бері бас-аяғы елу шақты адамның аурасын көріп, бір-бірімен салыстырып, ерекшеліктерін, айырмашылығын өзімше сараптап келемін. Бір байқағаным жасыл, қызыл сары түсті аурасы бар адамдар негізінен ауылдарда тұрады. Жалпы алғанда аураның түсі туман түсті ақ-боз, көк, ақшыл көк және күлгін болып келсе, адам денесінің сыртында ілесіп жүретін оның көлемі 2-3 сантиметрден 10 сантиметрге дейін қалың болатынына көзім жетті.
«Өзгелер менің бұл әңгімемді өзгелер дұрыс ұқпай қалып, күлкіге қалармын деген оймен осы күнге дейін ешкімге айтқаным жоқ. Және адам аурасы түсі, көлемі жағынан бір біріне мүлде ұқсамайтынына көзім жетті. Негізінен аура әр адамда бала күнінде болғанымен, арада біршама уақыт өткенде кейбір адамдардың аурасы көзге көрінбей кетеді екен», деп жазады Максим.