2027 жылы әлемде бірнеше өзгерістер болатындығы белгілі. Қазірден бастап барлық адамдар біраз жылдан кейін әлемде қандай өзгерістер болатындығы туралы ойлана бастады деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі 24tv.ua сілтеме жасап.
Біраз жылдан кейін әлемде жұмыссыздық орнауы мүмкін. Себебі, барлық салада жұмыспен роботтар айналысады. Такси жүргізушісінен бастап қарапайым жұмысшыларға дейін, құрылыс саласы мен шаруашылық саласында роботтар қызмет жасайтын болады. Apple компаниясы Қытайда орналасқан зауыттағы 60 мың қызметкерді роботтармен алмастырған болатын. АҚШ-та бірнеше дүкендер жабылып үлгерді. Роботтар көптеген саладағы жұмысшыларды алмастырады, оның ішінде медицина, білім алу, журналистика саласы сияқты бірнеше салалар бар. Қытайдағы 70% жұмыс орындарында қысқарту жүргізіледі деп жоспарланып отыр. Әлемде жұмыссыздардың саны күрт жоғарылауы мүмкін. Ақшаның қоғамдағы атқаратын рөлі де төмендейді. Саясат пен экономика саласы сол салада жүргендер үшін ғана маңызды болып келеді. Ал қарапайым халық күнкөріс қамымен жүріп бұл салаларға аса көп назар салмайды. Адамдар бұл кезде өмір сүрудің басқа да тәсілдерін ойлап тауып, сол қоғамға тездетіп бейімделумен айналысады. Бұл өзгеріс бірден бола қоймайды және адамдар бұл өзгерісті бірден байқамайды. Алдағы 10 жылдан кейінгі өзгерістердің бұл бізге белгілісі ғана. Біз біле бермейтін де өзгерістер болатындығы түсінікті. Кім білсін? Мүмкін өзгеріс басталып та кеткен шығар. 1 Ұнайды