13 санының қандай құпиясы бар?
Адамзаттың бойында аталмыш саннан қорқу сезімі осыдан екі ғасыр бұрын пайда болыпты. Психолог мамандар бұл күннiң трагедиялық iстерге душар болуына қатыстылығы жоқтығын айтады. Ал, социологтардың зерттеуінше Еуропадағы әрбір төртінші адам 13 санынан қорқатын көрінеді.
Адамдардың бұл күнi бiр жоспары іске аспай қалса, оның бәрін осы саннан көреді екен. Ал, христиан дiнiнiң теологтары оны «трискаидекафобия ауруы» деп атап кетіпті.
Әйтсе де аталмыш санға назар аударарлықтай жайттар да жетіп артылады. Мәселен, Германиялық Демоскопиялық институттың жүргiзген сауалнамасының нәтижесінде немiс халқының 25 пайызы күнтiзбедегi 13 санынан қорқатынын айтыпты. Тіпті, кейбірі жыл мезгiліне қарамастан, әр айдың 13-i күнi көңiл-күйлерi түсiп, қан қысымы көтерiлетiнiн баяндапты. Ал Ұлыбританияда бұл күнi ауруханаға түсетiн науқастардың саны әдеттегiден екi есеге өседі екен. Сондай-ақ 13 санынан қорыққан француздар «14 қонақ» деген терминдi ойлап тауыпты. Егер басқосуға жиналғандардың саны 13 адам болып қалса, мұндай жағдайда 14 адамды уақытша жалдайтын көрінеді.
Және де осыдан тұп-тура 34 жыл бұрын 13-сәуiр күнi 13:13 кеткенде
америкалық НАСА ғарыш агенттiгi «Аполлон-13»» ғарыш кемесiн айға аттандырған болатын. Аталмыш кеме жерден 330 мың шақырым биіктікке көтерілген кезде жарылыс болып, ішіндегі 3 ғарышкер әрең аман қалған. Содан бастап, НАСА агенттiгi 13 санына сақтықпен қарайтын болған екен.
Әрине, бұл күн кейбір жандар үшін тылсым дүниелерге толы болса да, енді бірі үшін жай ғана күн болып саналады.