Әлі есімде ырымға жаман, жамандық шақырма деп ыңылдап, сыңсып ретсіз жылаған баланың аузын әжелеріміз кебісінің табанымен ырымдап ұратын. Бір жақсы әже табылып, әнді жылап айтатын, ретсіз ұлитын «жұлдыздардың» аузын он жыл киген, есік алдында жатқан галошпен ырымдап ұруы қажет.
Пайғамбарымыз сазды әуенді үнатқан, оған дәлел – хазіреті Біләл. Ал орынсыз орындалған дүниеден құлағын басып қашқан екен, оған дәлел – қазіргі кейбір біздің орындаушылар. Қазаққа жат әуен келгелі бидай далада қалып жатыр, күнбағыс та солай. Ата-баба жолымен өмір сүру ережесі де сол жат әуендермен бірге бұзылуда. Бұған бұғалық салатын болыс табылар ма екен? (Әділбай Тобыш)
Әділбай Жаниязов
Facebook-тегі парақшасынан
"Жұлдыздардың" аузынан галошпен ұру керек...
Последние статьи автора