Жатып ішерлік адамның алға ұмтылуын, жұмыс істеуін, нан табу қабілетін тежейді

Көмек көрсету мен көмек сұраудың ертеңі неге әкеледі?...

Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері қиналғандарға қол ұшын беріп жатқан ағайынның бар екенін көріп бір қуансақ, ​ басындағы жағдайын айтып, ​ «алақанын жайған» халықтың көбейіп бара жатқаны бір қынжылтты. Әлеуметтік желіге кіріп қалсаң, көмек сұрағандардан көз сүрінеді. Біз қайда бара жатырмыз, әу халқым?
Ежелден біз «жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған» ел едік, бір-бірімізбен туысқандық, рухани байланысымыз жоғалмаған, көршінің-көршіге деген ықыласы ажырамаған «қарғатамырлы қазақ» едік. Уақыт өте келе, урбанизацияның күшейген сәтінде, ауылдағы халықтардың қалаға қоныс аударуы сияқты факторлар құндылықтарымызды трансформацияға түсірді. ​ Жетім мен жесір көбейді.​ Балалар үйі мен қарттар үйі салынды.​
Жоғарыда айтқан хаттарды жазатындар сол ауылдан ажырап, қалаға келген азаматтар. ​ Олар неге мұндай жағдайға ұрынды? Түсінікті, қала өмірі ауылдағы өмірдей емес, ешкім сенің басыңнан сипамайтыны анық. ​ Бірақ таңдау жасаған әр адамның өзі емес пе? ​ Қалада жұмыс жоқ деп сылтау айтар? Онда неге ауылдан келді? Бес-алты балам бар, нанға ақша таппай отырмыз дейді. ​ Онда неге бала жасау кезде ата-ана бір сәт ойланбады? Толассыз сұрақтар өте көп.
Мен ешкімді жазғырғым келмейді. Кейде маған біз осы халықты «жеңілдің астымен, ауырдың үстімен» жүруге үйретіп тастаған жоқпыз ба деген ой келеді. Қазір түрлі қайырымдылық қорлары, волонтерлар көбейді. Анаған-мынаған көмек керек деп халықтан жаппай ақша жинай бастады. Ал сол көмекке көз тігіп, еңбек ету мен амал жасауды ұмытқандар бар. Жатып ішерлер пайда болды десем тағы да өз қазағыма сөз тиіп тұр. Бірақ бұл шындық, оны жасыруға болмайды. Жатып ішерлік адамның алға ұмтылуын, қолымен еңбек етуін, миымен жұмыс істеуін, нан табу қабілетін тежейді.
Мен қазір Насим Талебтің «Антихрупкость» кітабын оқып жатырмын. Автор кезінде Ливанның басынан өткен жағдайды баяндайды. Аштыққа душар болған халықтың ешқандай мұнайсыз, ​ мемлекетінің көмегінсіз-ақ, ​ қол қусырып отырмай, екі қолына бір күрек тауып, амал етіп, қиын жағдайдан шыға білген. Бізде мұнайға сенген байлығымыз бар, бірақ ол қашанғы дейсіз? ​ Алыстағы Ливанды айттық, көршілес өзбек пен қырғыз халқын қараңыздаршы? Олардың да мұнайға сенген байлығы жоқ, халықтың еңбекқорлығы мен өнертапқыштығының арқасында, шағын және орта бизнестері бізден қарағанда әлдеқайда дамып бара жатыр. ​ Ал біз өзімізді Біріккен Араб Әмірліктерімен салыстырамыз. Жылтыраған Дубай мен Абу-дабиде мәңгі емес. ​ Насим Талеб оларды өз кітабында сөккен. ​ Жауабын әрине тарих пен уақыт бере жатар. Айтқым келгені қанша қиналсаңыз да, әрекет етіңіз, қол қусырып отырып, алақан жаю жақсылыққа апармайды. Пайғамбарымыздың айтқан жақсы сөзі бар:​ «Кейбір пенде тіленшілік есігін ашып қойса, Алла оған кедейліктің есігін ашып қояды».
​ Сіз осы жазғаныммен келісесіз бе? Жоқ әлде мен артық кетіп, біреуді ренжітіп қойған жоқпын ба?

Dulat Tastekey
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста