Жақсы адамдар әлі де бар...

Көршім "Отау ТВ" орнатты. Жұрттар қаладан ұста шақырып орнататын еді, ол болса орталықтан біреуді әкеле салыпты. Ол ұстаны бұрыннан білетінмін. Теледидар, DVD секілді нәрселерді жөндеп ақша табатын.

- Қанша ақшамен орнатып бересіз? - деп ем,
- Бір жарым мың теңге берсең болды, бәрін де жасап беремін, - деді.
- Неге арзан? Қаладан келгендер кемі 2500-3000 теңгеге орнатады ғой?
- Оны білемін. Бірақ маған сол 1500 теңге де жетеді. Ауылдағылардың бірі досым, бірі ағайыным, бірі нағашым дегендей көбі жарытып ақша да бермейді. Ал, бір жарым мың теңге тапсам алтын тапқандай қуанамын. Жарты сағатта бітетін тірлік қой. Үйде босқа жатқанда біреу бірдеңе әкеліп бере ме? Қанағат қарын тойғызар. Адамға сауап та керек шығар, - деді де қойды.
Ауылдық жерде мұндай қызмет көрсету бағалары тым төмен. Мәселен, қаладағы тойханаға барып суретке түссең әр суретке 300 теңгеден төлейсің. Үш суреттің бағасы 1000 теңгеге бір-ақ жетіп барады. Ал, ауылда дәл сондай сапамен шығарып беретін фотограф әр суретке... 50 теңге ғана алады. Әйтпесе, тойханадағы фотографтар қандай шығын шығарса бұл да дәл солай жұмсайды. Алатын ақысы болса, қаладағыдан алты есе аз.
- Тым құрығанда әр суретті 100 теңгеге шығарсайшы, - десең:
- Маған сол да болады, неғыламын жұртты қанап?.. - дейді де, ақылыңа құлақ та аспайды. Ал қайта-қайта қоймай ақыл айта бергендерге:
- Олай болса өзің де фотограф бол да, әр суретке 100 теңгеден ала ғой. Қайсымызға клиент көп келер екен? - дей салады.
Жақсы адамдар әлі де бар. "Заман мынадай болып кетті, қатыгездік жайлады, пейіл тарылды" деп жылай бермеңіздерші)))

 

Мықтыбек Оразтайұлы
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста