Жапондарда “жындыларға жол беріңдер деген” мақал бар

Жапондарда “жындыларға жол беріңдер деген” мақал бар

Өткен аптада Алматының қақ ортасында әдеттегідей көліктің қалың нөпірімен сырғып келе жатырмыз. Жүргенімізден тұрғанымыз көп. Жұмыстан қайтып келе жатқан жұрт. Бұл жолда 2 қатар жүре келе 1 қатарға айналатын тұсы бар. Сол жерде жолға таласып, үнемі “шайқас” боп жатады. Кезек-кезек өтуге болатын жолда “кім мықтылар” жарысы. Камера алыста қалған соң автобус жолағына да талас. Жол қоғамдық көліктікі екенінде шаруа жоқ. Кейде жедел-жәрдем көлігі заңды жолына түсе алмай “шырқырап” жатады.
Маған да оң жақ жол керек, бірақ
“шайқас” алаңынан алыс жүргім келеді.
Бұрылысқа дейін әдетте ең шеткі сол жақ жолмен жүрем. Жақындағанда 2 жолақтан өтіп оңға бұрылу үшін өшірет күтем.
Сол күні асығыс болғандықтан дәл ортасымен келем. Бір кезде 636 нөмірлі “Премьера” қыстырыла, таласа, соғыла жаздап, милиметрлеп өтіп, алдыма түсті.
Жапондарда “жындыларға жол беріңдер деген” мақал бар. Сол есіме түсті де, мән бермедім.
Әлгі бала жол көлік оқиғасын тудыра жаздап, баса көктеп өтіп кеткенімен қоймай, ортаңғы саусағын шошайтып кетіп барады. Өзі соған мәз. Өмірде үйренген ең үлкен шаруасы, жетістігі болса керек. Үйінде көрсетіп, үйреніп қалған ескі әдеті шығар деп тағы мән бермедім. Әдет бір күнде пайда болмайтынын білем және одан құтылу үшін екі есе уақыт, күш, жігер керек.
Бір кезде тежегішін басты, бір жүрді, бір кідірді. Ерлік жасап келем деп ойлаған болу керек. Оған маңайдағы көліктердің бәрі шулап, сигнал берді.
Мен 20 жылға жуық көлік жүргізіп келе жатқан тәжірибелі жүргізушімін. Кез келген маневріне маневрмен жауап бере аламын. Тек оны істемейсің, ақымақпен ақымақ болуға болмайтынын білесің.
Оған тоқта деп сигнал бердім. Тоқтамады.
Жолдағы әрекеті видеоға жазылды. Енді оның қоғамдық орында өткен “жеке концерті” қымбатқа түсуі мүмкін. Айыппұлдың қымбаттағаны дұрыс болды. Жолдағы тәртіп, мәдениет тек айыппұлмен ғана реттеледі.
Жалпы жылына 1 рет көлік құралдарын басқаратындардың психикасын тексерген жөн. Жол - қауіпті аймақ. Оны басқаратын адамның басқаруға кедергі келтіретін диагнозы болса, қаншама адам зардап шегуі мүмкін. Жол біреудің еркелігін, есерсоқтығын көтермейді. Ол жерде тек тәртіпке бағыну керек.
“Тәртіпке бағынған - құл болмайды” дегее Бауыржан Момышұлы атамыз.

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста