Жалғыз қатыны барлар қайттік? Мынау қиын болды-ау...

  • Ибн Сина: "Кімді кімнің жалғыз әйелі болса, оның денесі мен денсаулығына сынақ келіп, жігіттің шағында кәрілік келеді, арқасы, желкесі және буындары ауыратын болып, жүзінен нұры кетіп, көп шағымдана беретін болады".

 

  • Қади ибн Абимасғуд: "Жалғыз қатыны бар адам Қазы болуға, адамдардың арасында үкім жүргізуге жарамайды".

 

  • Ибн Хаян әл-Таухиди: "Менің заманымда бір қауым болатын – бір ғана әйелі бар еркектерді өздерімен отырзбайтын, оларды адамдардың ең сорлысы санайтын".

 

  • Ибн Халдун: "Құрып кеткен халықтарға назар салдым (не үшін олай болғанын зерттедім) – сөйтіп, олардың тек бір ғана әйел алуға дағдыланғанын байқадым".

 

  • Сахиб ибн Аббад: "Атақты адамдарды көрдім, олар: бір кісі дүниеден өтті, оның астында мынадай әйелдері болған деп, санап шығатын. Ал егер жалғыз әйелі бар кісі дүниеден өтсе: ол дүниеден өтті де үстінде жүретін бір қатыны қалды дейтін".

 

  • Әл-Абид ибн Мисар: "жалғыз қатыны бар еркектің құлшылығы түзу боламайды".

 

  • Мамун ибн Харун Аррашидке: Басра қаласында бір қауым бар, олардың еркектері бір ғана әйел алады екен деген кезде, Мамун: "Олар еркек емес, еркекті еркек қылатын – оның әйелдері. Ал жоғарыдағы адамдар сүннетке және табиғи адам болмысына қайшы келгендер".

 

  • Ибн Юнус әл-Музниден сұраған екен: Не үшін яһудилер мен христиандар бір ғана әйелге үйленеді деп, сонда Ибн Юнус: Олар Алланың ашуына ұшырап, пешенелеріне бейшаралық пен қорлық жазылған қауым – деп жауап берген.

 

  • Әбу Мағруф әл-Курхиге сұрақ қойылыпты: Бір ғана қатынға үйленіп, тақуалық етемін деген кісілердің үкімі қандай?, сонда ол кісі: ешбір үкім жоқ. Олар жындылар. Қанша тақуалық етсе де Абу Бакр, Омар, Осман және Алидің тырнақ кіріне де татымайды – деп жауап берген.

 

  • Ибн Файяд деген ғалым жалғыз қатыны бар еркектер жайында сұралғанда "олар – жеп, ішіп, тыныс алып жүрген өліктер" – деп жауап берген.

 

  • Тақиюддин әл-Музни Самарқанд қаласына Шариғи үкімші ретінде барған кезінде, оған: мына жердің халқында еркектері бір ғана қатынға үйленеді деп айтылған. Сонда әл-Музни: Олар мұсылмандар ма өзі?-деп күмәнданған екен. Сосын уағыз жүргізіп, оларды тура жолға салып, бір ай өтпей 3000 неке қиған екен. Қаланың барлық қыздары да жесірлері де күйеуге шыққан екен.

 

  • Ибн әл-Қаюм: "Жалғыз қатын алу тек үш адамға ғана рұқсат: білім ізденуші, құл және көп сапарға (жолға) шығушы".

 

  • Имам әл-Хасри айтады: "Алла тағала құранда үйлену туралы айтқанда: екеуден, үшеуден, төртеуден деген, бір әйел туралы айтпаған. Өйткені жалғыз қатын алу еркектердің толыққандылығына және кәмілдігіне нұқсан келтіреді"

 

Ерлан Төлеутай
Фейсбуктегі парақшасынан

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста