Көп ішінде отырып, өзіңді жалғыз сезінуден артық қасірет жоғына көзім жетті. Өтірік күлу, көлгірсу, жағымпаздану, арзан күлкі, арзан сөз, көп ішінде өзін қалай да болмасын көрсетіп қалуға тырысу, мақтаншақтық - қазіргі өмір сүру қалпымыз осы. Осындай ортада бірге болған дос-жігіттен осының себебін сұрасам, "өмір сондай" деп жауап берді. Өз өтірігімізге өзіміз сеніп кеткеніміз сонша, шынайы бет-бейнемізден айырылып, шынайы өмір сүруді де ұмытып қалыппыз. Өзімді мұндай өмірдің кейіпкері болуға мәжбүрлей алмаймын.
Айнұр Ахметова
Facebook-тегі парақшасынан