Сіз өзіңізді саналы адаммын деп айта аласыз ба?

САНАЛЫ ЖӘНЕ САНАСЫЗ АДАМ

«Саналы адам, санасыз адам» деп жатамыз.. Сіз өзіңізді саналы адаммын деп айта аласыз ба? Айналаңыздағы адамдарды саналы адам деп айта аласыз ба? Тіпті жер бетіндегі адамдардың көбін саналы деп айтуға болады ма? Неге Абай атамыз былай деп жазған: «Ендігі жұрттың сөзі ұрлық-қарлық, саналы жан көрмедім сөзді ұғарлық». Абай. Егер қазіргі адамдар саналы болса неге істеген істерінің көбі саналы адамның ісіне мүлде ұқсамайды? Қай істері дейсіз бе?

  • Неге қыруар еңбек пен қаржы жұмсап өзіне ауру туғызатын сусындар мен тамақтар өндіреді және соны біле тұра сатып алып қолданады? (Арақ шарап, зиянды газдалған сусындар, темекі, наркотик тб тб) . Неге соған кеткен қаржыны игілікті істерге (Экологияға, мүгедек жарымжан жандарға көмектесуге, ауру адамдарды емдеуге тб ) жұмсамайды?
  • Неге жер ананың өзегіне қол салып одан алған темірден қыруар ақша мен қаражат жұмсап бірін бірі өлтіретін қару жасайды. Неге сол қаражатты аруларды емдеу мен аштарды тойдыруға жұмсамайды?
  • Неге миллардтаған адамдар емделе алмай, тамақ тауып жей алмай, тұратын баспанасы жоқ болып жатқанда айдалада бір ала доп теуіп жатқан жандарға, бірін бірі сабап жатқандарға миллиондап ақша шашады?
  • Неге миллиардтаған адамдар жоқ жітікте өмір сүріп жатса біреулері туалеттері мен самолеттеріне дейін алтындатып жатады?
  • Неге аз уақыт билік басына келген шенеуніктер 1000 жыл өмір сүретіндей аш көзденіп байлыққа тоя алмай, халықтан жиналған ақшаны жейлі. Қазақстанның зейнет қорына жиналған ақшаны неге Әзербайжанның банкісіне салады?
  • Неге, Неге, неге? Неге? Неге деп осындай 1000 сұрақ қоюға болады?
  • Осындай қылық істеп жатқан жан иелерін қалай саналы деп айта аламыз? Шын мәнінде біздің әлі санамыз оянған жоқ, бізді көп жағдайда әлі хайуани болмысымыз басқарады. Саналы адамдар жоғарыда жазылған және жазылмаған қылықтарды істемес еді!
  • Сіз өзіңізді САНАЛЫ АДАММЫН деп санайсыз ба? Адамдардың соның ішінде Қазақ халқының САНАСЫН ояту үшін не істеу керек деп ойлайсыз?

    Ахметбек Нұрсила
    Фейсбуктегі парақшасынан

    Автор
    Последние статьи автора
    Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
    Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
    Цифра
    50
    50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

    50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
    1900
    Году

    Бокс был узаконен как вид спорта
    2,5
    ГРАММА

    Масса мячика для игры в настольный теннис
    5
    Олимпийских колец

    символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
    130
    км/час

    С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста