Шал сөзінің түпкі мағынасы «түнгі төсекке жарамай қалған ер адам» деген сөз

Шал сөзінің түпкі мағынасы «түнгі төсекке жарамай қалған ер адам» деген сөз

Кеше кемпір сөзінің мағанасы жаздым. «Кемпір» күйеуі қайтыс болған егде жастағы әйел деген сөз. Себебі, «Пірсіздің пірі шайтан, әйелдің пірі күйеуі» деген қазақта мақал бар. Ал, бүгін шал сөзінің мағанасын жазбақпын. Оған себеп қазіргі жастар бұл сөздердің түпкі мағанасын толық білмегесін, үлкендер «ұят болады қойыңдар» демегесін бір-бірін «кемпір», «шал» деп айтып жүр. Жастар түгелі үлкен астарда «Ата ұлдарына» шапан таратқанда, көп жерлерде «ана рудың шалынан кім бар», «мына рудың шалдарынан кім бар?!» деп айқайлап жатады. Ақсақал деген қастарлі сөз ұмытып, шал деген сөзі басып барады. Қазір, балаларымыз, әке, шешем деген ардақты сөздің орнына біздің үйдің «кемпір», «шалы» дейтін болды. Бір, біріне «шал қайда?», десе «шал ауылда жоқ» деп жатады. Бұл сөздерге құлағымыз үйреніп барады. Осыдан 25 жылдай бұрын Онды ауылында үлкен той болды. Ағаш үйдің іші толған ақсақалдар, қақ төрде Ыбырай нағашым отыр. Ыбекең өте әңгімешіл, шежіреші кісі. Бір кезде қолға су құятын бала келді. Асаба жігіт «бірінші суды шалдардан бастап құй» деп балаға бұйрық беріп жатыр. Ыбекеңнің төменгі жағында отырған үлкен кісілер «шал» деген сөзге шамданып қалды. Асаба жігіт «не сендер шал болмаған да кімсіңдер?» деді. Төрде отырған Ыбырай нағашым, «Әй бала, сөздің мағанасын білмесең айтпа, менің жасым 85-те бірақ 80 келгенше шал болғаным жоқ, қалай түсінсең солай түсін» деді. Асаба жігіт ұялып қалды, үлкендер күліп жатыр. Жақында Шетпедегі өзімнің қатты құрметтейтін салт –дәстүрді жақсы білетін нағашы ағамнан шал сөзінің анықтамасын сұрадым. Сонда маған айтқаны «Шал күндіз мақтаншақ, кешке жасқаншақ, түнде қызғаншақ болады» деді. Кейде үлкендер жағы «ей мынау жасына жетпей шал болыпты ғой» деп жатса, енді бірде, «әй оны шал демең, жақында балалы болды ғой» депте жатады. Кейде әйелі қайтыс болған жасы үлкен адамдарға да, «Ол әлі шал емес шығар, бірдеңе алу керек қой» деп жатады. Көбіне үлкен кісілер шал дегенге шамданып жатырса, ал қазіргі жас жігіттер «шал» деген сөзге мақтанады. Шал сөзінің түпкі мағынасы «түнгі төсекке жарамай қалған ер адам» деген сөз. Қадірлі іні- келіндерім, сіздер аналарыңды, сүйген жарларыңды кемпірге теңемей-ақ, анашым, шешем, жарым, жұбайым, келіншегім, зайыбым десеңдер болады. Ал, келіндер, күйеулеріңді «шалым», «біздің шал», «біздің үйдің шалы» дегенше күйеуім, отағасым, жарым, балаларымны әкесі десе болады ғой. Әрине, мен тіл маманы емеспін бірақ, ақсақалдардан естіп,сұрап жасаған тұжырымым. Қате болса тағы кешірім сұраймын. Бірақ, біз білгенімізді жастарға айтып, жазып отыруымыз қажет.

Жәнібек Қожық
Facebook-тегі парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста