Екі көршім күбір-күбір сөйлесіп тұр, біреуінің көлігі сынып қалыпты.
"Өй, қалай сынып қалды, сенікі су жаңа ғой" деп қояды біреуі. "Қай жылғы" десем, "2011" дейді. "Сүкі, сіңірміз" дедім ішімнен. 10 жылдық көлікті жаңа санаймыз, 20-30 жылдық шарқылдақты бір-бірімізден сатып алып, мініп жүрміз. Ауқатты елдерде баяғыда утилизацияға кететін көліктер елімізде шиқылдап миллиондап жүр. Ескірсе де бағасы түсер емес, нағыз сіңіри қоғам. Сатып алу қабілеті төмен қоғам үшін 10 жылдық көлікте су жаңа болады екен ғой. Мына одаққа кіргелі көлік бағасы тіпті шарықтап кетті. Шарқыштың көкесін енді мінеміз. Ресейдің тазиктерін сатып алу үшін бар амал жасалып жатқандай, оны мінгенше ат арбамен жүргенім артық.
Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан