Бердібек Соқпақбаевты "үш әріп" жендеттері "Менің атым Қожа" шығармасы үшін өз саяжайында асып өлтірген. Себебі, Кеңес заманында мектеп тәртібі қандай болғанын орта буын өкілдері жақсы біледі. Партада қақиып отырады, сабақ айтарда үнсіз ғана сол қолының үстіне қойған оң қолын ашылған сандық қақпағынша көтереді. Ал Қожа өйтпеді. Тентек болды. Неге десеңіз, автор сол қара бала арқылы қазақтың Кеңестік жүйеге іштей қарсылығын айғақтаған. Оған бас кейіпкерлердің есімі де дәлел. Қожа және Сұлтан. Өз елінің қожасы мен сұлтаны!
Келісесіз бе?
Еркеғали Бейсенов
Facebook-тегі парақшасынан