Қолымызда бардың қадірін білген жөн...

Қолымызда бардың қадірін білген жөн...

Өткен замандарда бір теңдесі жоқ сұлу кыз болған екен... Ол өте сұлу болғаны соншалық көрші елдердің бай-дәулетті азаматтары құда түспек болады екен, бірақ қыз барлығына қарсылық білдіріпті. Бір күні сол қаланың бір көркем ғашық жігіті әлгі қызға құда түспек болыпты бірақ қыз оған да жоқ деген жауап қайтарыпты.. Әлгі жігіт бұны көтере алмай басқа қалаға көшіп, сол қалада бір қызға үйленіп бала шағалы болып, бақытты өмір сүріпті. Бір күні әлгі жігіт өзі туылған қалаға жолы түсіпті, қалаға келіп достарымен кездесіп өзі ғашық болған қыз жайлы сұрастыра бастaпты. Достары оған қыздың тұрмыс құрғанын айтып, үйін көрсетіпті. Әлгі жігітті ол қыз қандай жанға тұрмысқа шықты деген ой мазалап, сол қыздың үйінің есігін қағыпты сөйтсе есікті бір - "ұсқынсыз, басы таз, семіз" еркек ашыпты, әлгі еркекке қарап кедей екенін де байқапты. Ал екінші күні тағы келіп есікті қағыпты, бұл жолы баяғы ғашық болған қызы ашыпты, жігіт өзін таныстырып, неге мына еркекке тұрмысқа шыққанын сұрапты. Қыз болса үй артындағы бақтан ең әдемі гүлді алып келсең айтамын депті. Бірақ баққа кірсең артқа қарай жол жоқ деп шарт қойыпты. Әлгі жігіт баққа жүгіріп кіріп бақтың ішіндегі бір раушан гүлге көзі түсіпті, енді жұла бергенде жанында тұрған басқа бір әдемі гүлге көзі түсіпті, солай солай ең сұлудың ішінен сұлуын іздеймін деп әр гүлді бір ұстап жүріп бақтың соңына келіп қалғанын да сезбей қалыпты. Бақтың соңына қараса бір ғана солғын гүл тұр екен амалдың жоғынан әлгі солғын гүлді алуға мажбүр болыпты. Ең әдемі гүлді күтіп тұрған қыз жігіттің қолындағы солғын гүлді көріп "Көрдің бе әрдайым ең жақсысын іздейді екенбіз өмір өтеді, ал сен ең жаманына да көнуге мәжбүр боласың" - депті. Сол үшін жастық өтпестен қолымызда бардың қадірін білген жөн екен депті...
                                              
Facebook-тегі парақшасынан
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста