Қоғамда тек қана мешіт салумен сауап жиналады деген түсінік қалыптасқандай

Инстаграмға кірсем, 99 мешіт саламыз деген жарнама шыға келді. Бір емес, бірнеше мәрте. Екі қыз 99 мешіт салуға қаржы жинап жатыр екен. Неге 99? Себебі Алла Тағаланың 99 көркем есіміне байланысты дейді. Мейлі, демократия ғой, өздері білсін әрине. Өз парақшалары, өз еріктері дегендей.

 

Бірақ бір дүние түсініксіздеу. Қоғамда «Ислам дінінде тек қана мешіт салумен сауап жиналады» деген түсінік қалыптасқандай көрінеді маған. Бірақ олай емес қой. Мысалы дінде мұқтаж жанға қол ұшын созсаң, соның өзі толағай сауап. Исламда көпір салсаң, сол көпірден адамдар өткен сайын сауап аласың, ағаш ексең, оның көлеңкесінде демалып, бұтақтарына құстар ұя салса да сауап, құдық қазсаң, одан су ішкен сайын сауап жазылады, мектеп салсаң, балалар білім алған сайын сауап, жол салсаң, адамдар жүрген сайын сауап аласың дегенді біраз естідім. Яғни тек мешіт салу емес, әлеуметтік маңызды нысандарды салсаң да сауап аласыз. Жаратушы жақсылықты бөліп-жармайды. Жақсылық – ол жақсылық. Осы түсінікті кеңірек айту керек сияқты, себебі кей жастар «тек мешіт салу арқылы ғана сауапқа молынан кенелуге болады» деп ойласа керек. Мен бұл жазбаммен мешітке қарсы екен деп ойлап қалмаңыз. Әрине олай емес. Мешіт елімізде жеткілікті сияқты. Мүлде мешіті жоқ аймақтар аз қалды-ау.

 

Мысалы алдында қазақ жастары жатақхана таппай, қонатын үй, түнейтін пәтер іздеп кетті. Сондай жастарға арнап 99 жатақхана болмаса да, бір жатақхана салынса, онда жылдар бойы мыңдаған жастар түнеп, білім алса, соның өзі толағай теңіз сауап қой. Жеке пікірім әрине. Субъективті ой. Мүмкін қате болар.

 

 

Асхат Қасенғали

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста