ҚМЖ мұғалімді езіп тастайтын құжат

ҚМЖ мұғалімді езіп тастайтын құжат

Askhat Aimagambetov мырза!

 

ҚМЖ деген керек емес құжат. Бір ай бұрын осы фейзбукте мұғалімдерге сұрақ қойдым.

 

ҚМЖ құжатының қажет еместігін 99,9 пайыз мүғалім   айтты.

 

ҚМЖ деген не?

 

Қысқа мерзімді жоспар. Бұйрықпен бекітілген жазылу үлгісі бар. Мақсаттың түр -түрін қоямыз. Мұғалімнің  не айтатынын  ,оқушы не айтатынын жазасың,

 

Бір сабақтың қмж құжатын жазу үшін кемі 3 сағат уақыт керек. Бір күнде 4 сағат сабағыңыз болса,  12 сағат отырып қмж жазуыңыз керек.

 

ҚМЖ құжаты болмаса ,сабаққа кіруге құқығың жоқ. Таңертең завуч қолына қамшысын алып, қмж тексеріп тұрады.

 

ҚМ жоспарды басшылар  үшін жазады мұғалімдер.

 

Өйткені оны сабақта қолдана алмайды.

 

Неге?

 

Сабақта оқушының не айтатынын оқушының өзі ғана біледі. Бір күн бұрын мұғалім бал ашып білмейді ғой. Мұғалімнің айтатын сөзі де сабақ үстінде ауысып кетуі мүмкін.

 

Диктатор басшылар қмж сабаққа дайындық деп есептейді. Негізі қмж сабаққа дайындық емес. Сабаққа дайындық жасау үшін таныстырылым (слайд) жасауың керек. Қима қағаздар мен берілетін тапсырмалар дайындаймыз. Балаға қызықты материалдар дайындалу керек.

 

Соған жұмсалатын уақытты қмж жазуға жіберу ақымақтық.

 

ҚМЖ міндетті. Тапсырма дайындамасаңыз да қмж дайындауыңыз керек. ))))   Қм жоспары бар мұғалім ғана жақсы мұғалім.  Бұл тек қағаз жеудің жолы ғана. Мен солай ойлаймын.

 

Бала үшін немесе мұғалім үшін жазылмайды, бастықтар  үшін жазылады.

 

Ешқандай заңда не бұйрықта қм жоспарына директор орынбасарлары  қол қою туралы жазылмаған. Сонда да олар қол қойып, түртпектеп ,мұғалімді езуге әуес. Ақылы оқу орталықтарында қмж мүлдем жоқ. Аятжан Ахметжанұлы куә. Тұрсынай Басқынбаева сондай орталықта сабақ беретін мұғалім.

 

Қазіргі таңда 11-сынып оқушылары мектепке емес ,ақылы орталыққа жүгіруде.

 

Оларда қмж жазбаса  да сапа бар. Айтқым келгені осы.

 

ҚМЖ жазған есіл уақытқа ешкім жалақы бермейді. ҚМЖ негізінен түнде жасалатын жұмыс түріне кіреді. Көбіне таңғы 4. те тұрып жазамыз. )))) Оны жазбасаңыз жұмыстан кетуіңіз де ғажап емес. Міндетті құжаттар қатарына жатады.

 

Соңымызда  жанып тұрған  жастар келе жатыр.

 

Жастарды мектеп езіп тастамасын!

 

ҚМЖ мұғалімді езіп тастайтын құжат.

 

Мектепті түзеу керек. Тек қана сапалы білім беруге бағытталу керек жұмыс.

 

Менің әңгімем кейбір  ойы бағыныштыларды шошытар.

 

Көзқарасым қалтама сыймағаны үшін кінәлі емеспін.

 

ҚМЖ қажет емес

 

ҚМ жоспарды алып тастаңыз Асхат мырза!

 

Бұл ұсыныс! Сабақ мақсаты жылдық жоспарда көрсетілген. Сол да жетеді.

 

Қолдайсыздар ма әріптестер!

 

Дене шынықтыру  мұғалімдері ! Қм жоспарды қалай қолданасыздар? Балалармен бірге жүгіріп бара жатып, тоқтап қмж оқып алып, қайта жүгіресіздер ме?

 

-Балалар ,отыра тұрыңыздар ,қмж оқып алайын, -деп отырсақ қана қолдана аламыз.

 

 

Aiman Sagidulla

Фейсбуктегі парақшасынан

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста