Иә, тамаша сұхбат. Головкин қазіргі "ши" жүгіртіп, арзан "шу" іздеген "ортанқол" журналистерге біраз сабақ болар жауап бергендей. Шынымен де сұхбаттасқанда "нақты сұрақты" қоятын кәсіби журналистер қазір аз.
Ол жағынан Головкин дұрыс айтты.
... есіме түсіп кетті. Қай жыл екені есімде жоқ, атақты палуандар Қажымұқан мен Поддубныйды еске алу құрметіне "Греко-рим" күресінен Қостанайда Халықаралық сайыс өтті. Сонда екі жас журналистің: "Қажымұқан Мұңайтпасовтан сұхбат алуға бола ма?", - дегені күлкі мен ыза тудырғаны бар.
Жасұлан Айсағали
Facebook-тегі парақшасынан