Қазіргі жастар ақылды ғой. Керек десеңіз, аталарын да мойындағысы келмей, "алпысқа келгеннен ақыл сұрама" - деп, мағынасы бұған керісінше мақалды да өздеріне ыңғайлап алыпты. Оларға қолай келіп тұрғаны: "ақыл - жастан шығады, асыл - тастан шығады" - деген мақал екен. Несі бар, бұл да аталы сөз. Тек, мына жағдайды естен шығармаса болғаны:
- Ақыл - жастан шығады - білімі болса,
Асыл - тастан шығады - сіңімі болса.
Тұрсынбек Тұрапбек
Facebook-тегі парақшасынан