Қазір қазақтың пейілі тарылып бара жатқандай көрінеді

Әр адам өзінше бір әлем. Өзінше бір жаратылыс. Өзінше бір құбылыс. Осы адам жанын түсінемін деп көсемситін психологтарды түсінбейді екенмін. Тағы да қазаққа тән емес, батыстың психологтары жазып кеткен тәмсілге жүгінетінін қайтерсің? Адам жанын бір тар шеңберге салып қойып, соның ұғымымен ой қозғайтындар да жетерлік. Ал, қазақтың жаны еш ұлтқа сәйкес келмейтін өзінше бір - ӘЛЕМ.
Қазаққа ғана тән - ПЕЙІЛ деген ұғым бар. Осыншама дархан даламызды, жерімізді, қойнына толтырып берген қазба байлықтарды сол қазақтың пейіліне бергендей болады да тұрады, АЛЛА ТАҒАЛАМ. "Әр бала - өз несібесімен", "Бір қозы туса - бір түп жусан артық шығады" деген мақалды айтқанда да, осы пейілді кеңге салу керектігі туралы ой қозғап тұрған жоқ па? Қазір қазақтың пейілі тарылып бара жатқандай көрінеді. Қонақ келсе, жақтырмайтын келіндер де көбейіп келе ме? Пейілді кеңге салсаң, Алла Тағаланың беретін ризық-несібесі де мол болмақ емес пе? Ал, полиглот қазақтар енді осы "ПЕЙІЛ" деген сөзді басқа тілдерге аударып беріңіздерші.

Ержан Тәліп

Facebook-тегі парақшасынан

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста