Қазақтар демалысында не той жасайды, не үй "ремонттайды". Рас па ? Біздің соңғы екі жылдағы отпуск тойға арналып жатыр, шүкір. Той "энциклопедиясы" туралы бірер сөз: атап өтетін қуанышты өмір бойы күтесің, 3-4 жыл бұрын жоспарлайсың, жарты жыл дайыналасың. Бірақ екі-үш сағатта өтіп кетеді. Ары кетсе, 300 минут (300:60 - 5 сағат). Осы уақытта қайтсең шалыс баспай, келген қонақтың көңілін табуға болады? Осына түсіну үшін, біраз тойларды (Қазақстандағы) қарап шықтым. Жарқ-жарқ еткен жұлдыздар (танымал өнер адамдары) , зоопарк (өнер көрсететін аңдар) , ресторанның ішіне кіретін лимузин - меніңше бұл тым артық. Тойды жасап отырған адамның жүре алатыны көрініп тұр. Неге өз аяғымен кірмеске?! Бұдан кейін кімді, қалай таңқалдырасың ?
Нұргүл Тапаева
Фейсбуктегі парақшасынан