Қарғыс айту ұлттық табиғатымызға жат қой...

Қазір телеарналарда негатив сериалдар көп көрсетіледі, негізінен түрік, үнді, ресейлік сериалдар ғой... Білмеймін, мәселен, әлемде сериал түсіруден АҚШ-тан кейін екінші орын алатын Түркияның өзінде ылғи позитив, комедиялық жанрдағы сериалдарды әр барғанда байқаймыз... "Ойбай, еліміз суицид бойынша ондықта" деп шулап жатамыз ғой. Сол суицид тақырыбы елімізде көрсетілетін көптеген сериалдарда бар ма деп қорқам... Қашан көрсең, көпірдің үстінде тұрған біреу, мылтықты басына кезеген біреу, дәріні уыстап ішіп жатқан біреу... "Жат мекен", "Гүлдер құпиясы", "Зейнеп", т.б. сериалдар қарамаңыздар, кілең негатив" деп туған-туысқа қанша айтсаң да, "басқа көрер түк жоқ" дейді. Негатив екенін анонстарынан байқаймыз. Ең қызығы, бұл сериалдардың бірқатары бұрын басқа арналарда көрсетілмеп пе еді? Яғни, қайталап береді. Өткенде "Гүлдер құпиясының" анонсында қабір басында жылап отырған ананы көрсетіп тұр. Баласының мазарын қаздырған. Соны бірнеше апта қайталады. Осындай ауыр, қорқынышты нәрсені анонсқа беру қаншалықты дұрыс? Қаңтардағы қанды қырғынды еріксіз еске түсіретіндей, қаншама жас қыршын кетті... Қанша ана жылады? Ал осындай ауыр кезеңде кілең негатив нәрсені қазақ аудиториясына үйіп-төгу психикаға кері әсер етпей ме? Салмақты саяси-сараптамалық бағдарламалар түсіруге болмай ма? Болған жағдайды айту керек, жараны жазу керек. Ал негатив сериалдар керісінше эффект береді. Өкінішке қарай, суицидке романтикалық сипат берілетіндей бұл сериалдарда... Сондықтан қандай да бір жобаны сатып алмас бұрын не көрсетілетінін зерделеу керек. Обалына не керек, БАҚ, медиа саласында миллиардтап ақша құйылып жатыр ғой, бірақ сол қаржы шығармашылық орта, журналистер, киногерлер қауымына жетіп жатыр ма? Неге Түркиядағыдай позитив сериалдар көрсетпеске? Үндістан, Ресейдің сериалдарын неге мүлдем тыйып тастамасқа? Қазір адамдар шаршап жүр, әр сериясында "Құдай жазаңды берсін", "Құдай төбеңнен ұрсын, явуз!" деп қарғыс айтатын сериалдар да қажытты ғой. Қарғыс айту ұлттық табиғатымызға жат қой... Бізге басқа дүниелер керек.
Айтпақшы, "қолыңда пульт, ауыстыра аласың" дейтін позицияны ұстанатындарға айтарымыз, жаңалықтарды, тікелей эфирді көру үшін амалсыздан қосамыз, сол екі арада небір негативті көрсетіп үлгереді ғой... Жалпы, "Гүлдер құпиясын" таңертең 2 сағат, кеште 2 сағат көрудің қажеті жоқ, 1 минуттық анонсынан ертең қандай пәленбайыншы бәлеге жолығатынын біліп отырасың...

facebook.com парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста