Қара биттер әжемнің басын «жерсінбей» өліп қалды ...

Әжеме ауылдың жаңалықтарын айтпасаң, «менімен ешқайсың сөйлескің келмейді» деп ренжитін. Әжемнің құлағы естімейтін. Апам (әкемнің ағасының әйелі), шешем, немерелері, бәріміз кезек-кезек қай туыстың келіні жүкті екенін, қай үйде жақында той екенін құлағының түбіне айқайлап айтамыз. Әжеме ең ұнайтын жаңалық: жүкті келін туралы әңгіме еді. «Айтыңдар, баласының атын мен қоям» деп бұйрық береді. Әжемнің тапсырмасын апам мен мамам орындамай көрсін. :) Тоқсандағы әжемді келіні босанған үй құрметтеп шақырып, баласын бесікке салдырып, әжеме көйлек, орамалын беріп, немересінің атын қойғызады. Әжем «Қыжымгүл, Қыздаргүл, Қызболмас, Бәтима» деп өз заманындағы «модный» есімдерді қойып келеді ғой. :) Әжеме ол есімдердің «модадан» қалғанын түсіндіріп көр, таяғымен бір салуы мүмкін. :) «Менің қадірлі жеңгемнің аты, менің текті жиен әпкемнің аты. Солардай болсын деп қойдым» деп «фактімен» сөйлегенде өзің ұялып қаласың. :)
...Әжемнің басында бит болмаса, ауыратын. Әжемнің басында екі-үш ақ бит жүретін, бірақ оны өлтіруге болмайды. Әжем «арам қанымды сорады» деп сенеді, былайша айтқанда, ақ биттер әжемнің «қорғаушылары» еді. Ақылды биттер болғаны сондай ешкімге жұқпайды ғой, өздерінің территориясы әжемнің басы ғана екенін біледі. :) Бір жылы әжемнің басындағы биттердің бәрі жоқ боп кетті. Мамам басымды қайта-қайта қарап, бит таба алмай, «енді бетіміздің суын бес төгіп, бит іздейтін болдық. Жұрттың қыздарының басында бар бит неге сен де жоқ?» деді күйініп. Мамам – үсті-басын, үйді өте таза ұстайтын, базардан өмірде бір бәліш жеп көрмеген, жиіркеншек адам. Басымда бит болсыншы, жанымды шығарар еді. :) Әжемнің басы ауырып, апам мен мамам ауылды аралап, бит іздеп кетті. Содан не керек, апам мен мамам бір үйден дәу қара биттер алып келді. Бәріміз жабылып, әжемнің басына салдық. Өкінішке орай, қара биттер әжемнің басын «жерсінбей», бәрі өліп қалды. «Ұят та болса, тағы барып, бит сұрайық» деп апам мен мамам әлгі үйге кетті, екінші рет биттер әкелді. Жоқ, бұл жолы да «жерсінбеді». Үшінші рет әжемнің басына "бит жіберу операциясы" да сәтсіз аяқталды. Әжем «әй, ұзаққа бармаймын, менің басыма салған бит те тұрмайтын болды» деді. Расында да, әжем ұзаққа бармады...

Аягүл Мантай
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста