Отбасындағы еркектің беделі неге төмендейді?

Өз сөзім! Өз басым, үйдегі қатыны мен баласына сөзі өтпей тұрып, билікті сынау не теңі деген секілді сөздерге түбегейлі қарсымын. Хал қадірімше түсіндіріп көрейін. Біріншіден, бұл жеке тұлғаға деген құрметсіздік. Екіншіден, жеке тұлғаның сөзін елемеу! Отбасындағы еркектің беделі неге төмендейді? Себебі, бірдеңе десе тарпа бас салатын, сөзін аяқ асты ететін, еркек деп құрметтемейтін әйелі бар. Әйелді жеңген адам бар ма? Санасыз әйел жақсы еркекті де қор етеді.
Жалпы осы пікірді айтатындар да маған сол "желауыз қатын" сияқты көрінеді.
Әр адамның пікірі құнды. Мейлі ол бала болсын, дана болсын! Әркімнің бір айтпағы бар. Мейлі ол жақсы болсын, жаман болсын! Ақылдымыз ғой! Бір уақыт тыңдап, санаса да білейік!
Берікбол Төлеген
Facebook-тегі парақшасынан





