Қазақта "тәте" деген қасиетті сөз бар. Ұлы Абай әкесі Құнанбайды "тәте" депті. Жалпы, Құанбайды балаларының бәрі де "тәте" деген. Мен де әкемді "тәте" дейтінмін. Сонау Қарақалпақстаннан көшіп келген Құтекең де әкесін" тәте" дейді екен. Шымкент жақта ағаларын, әкелерін "тәте" дейді. Ал енді әйел адамдарды "тәте" деуді қалайша жаппай үрдіске айналдырып алдық?! Жас та, жасамыс та бүгінде әйелдерге "тәте-тәте" деп тақ-тақ етеді. Орыстың "тетясынан" жұққан бұл "ауруды" енді тоқтатуға бола ма, болмай ма, ағайындар-ау!
Төреғали Тәшенов
Facebook-тегі парақшасынан
Орыстың "тетясынан" жұққан бұл "ауруды" енді тоқтатуға бола ма, болмай ма...
Последние статьи автора