Оңтүстік Кореяда мұғалімнің статусы мемлекеттік қызметкердікімен бірдей екен!

Біздің қоғам мұғалімді құрметтемейді. Мұғалімге құрмет жоғалған. Мұғалімді әртүрлі жұмысқа салып, саясаттың ойыншығына айналдырып жібердік. Мұндай қоғамда алға жылжу, даму деген ешқашан болмайды. Біз елді дамытқымыз келсе, мұғалімге деген көзқарасты өзгертуіміз керек. Осындағы бір кісі Жапонияға барыпты. Мұғалімдер күні сіздерде де бар ма деп сұраған екен. Жапондар оған қайран қалып, ондай мереке жоқ екенін айтыпты. Техникасы, өнері мен ғылымы қатты дамыған Жапонияда мұғалімдер күні жоқ болып шыққаны бізден барғандарға қызық болып көрінген. Өзі сондағы Ямамото дейтін мұғалімге арнайылап барған екен. Кешкісін сол кісі үйіне қонаққа шақырады. Екеуі бірге метроға барады. Вагонның ішінде адамдар сығылысып, әрең тұр дейді. Бір кезде бір ақсақал орнынан тұрып, жаңағы біз жақтан барған мұғалімге орын беріпті. Үлкен кісінің орын беріп жатқанына таңғалған ғой. Неге өйтіп жатыр деп себебін сұраса, Ямомото оның кеудесіндегі медальді көрсетіп: «Бұл кісі сенің кеудеңдегі мұғалімнің белгісін көріп, ұстазды (статусын) сыйлағаннан орын беріп жатыр» - депті. Бізде қонаққа құр қол бармайтынын білесіздер. Ямомотоға осыны емеурінмен айтып, жолда бір дүкенге кіріп шықпақшы болады екеуі. Ямомото оны бір дүкенге алып барады. Мұғалімдерге арналған жеңілдігі бар дүкен екен. Жапонияда дүкенге мұғалім келіп кірсе, дүкеннің иесі қатты қуанып, оны құрметтеп, құшақ жайып қабылдайды екен. Әлемнің дамыған 50 елінің қатарына қосылғымыз келеді. Олардың қатарына қосылмас бұрын бізге де осындай бағдарламалар қабылдап, білім деңгейімізді көтеріп алғанымыз дұрыс. Білімсіз алысқа бара алмайсың. Қазір бізде елдің 90 пайызы сауатсыз. Үлкені де, кішісі де қатесіз жазудан қалып барады. Мектепті екімен бітіргендер ауылдағы мектептерге мұғалім болып келіп жатыр деп естідім былтыр. Мұғалімге талапты күшейтіп, онымен бірге статусын да, айлығын да көтеретін үлкен бір реформа керек секілді. Жапониядан кейін келе жатқан Оңтүстік Кореяда мұғалімнің статусы мемлекеттік қызметкердікімен бірдей екен!

Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста