Омалып отыра бермей қоғам өмірінде біртіндеп өзгеріс жасап жатсақ керемет емес пе!

«Праймериз» дейтін сөзді кейінгі кезде жиі еститін болдық қой. «Primary» - партияның өз ішінде болатын сайлауға дейінгі науқан. Атқарушы не заң шығарушы органға сайлау басталмай тұрып соған ең лайықты, халыққа ең танымал кандидаттарды өстіп алдын ала іріктеп алады. Мұндай дәстүр халықтың саяси сауаты мен саяси бәсекелестік күшті дамыған елдерде баяғыдан бар. Америкада, мысалы, «праймериз» - сайлаудың алдында өтетін ең тартысты, ең қызықты науқан саналады. Олар өз араларында (партияның ішінде) «кокус» деп аталатын тағы бір осындай пікірталас өткізеді. Біздің айтысқа қатты ұқсайды осы кокусы. Онда да айтыстағыдай сөзбен «салғыласып», қоғамдағы ең өзекті мәселелерді талқылап, бір-бірімен бәсекеге түсіп жатады. Жалпы, Америкадағы саяси науқанның қазақтың өміріне келетін жағы да, «Жеті жарғымен» ұқсастығы да көп. Ол туралы кейін жазармыз. Сондықтан, «Нұр Отанның» ішінде өтетін праймеризден де, «праймериз» деген таңсық сөзден де соншалықты шошымауымыз керек. Бұл жаңалық билік партиясындағылардың жігерін жанып, оның бағдарламасына болашақта халықты тартуы мүмкін. Ондай кезде күшті-күшті идеялар айтылып, халықтың ойынан шығатын небір керемет бастама көтеріледі. Партия сонда бұрынғыдай қатып қалған рамкадан шығып, халықтан алыстамай, қоғамдағы өзекті нәрселерге күн тәртібінде тұрған мәселе ретінде қарай бастайды. Қоғамға аз да болса ілгерілеу алып келетін кез келген жаңалыққа қуана білген жөн. Сондықтан мен өзім партияның мұндай саяси қадамға барып жатқанына қуанамын. Уақыт бір орнында тұра бермейді ғой. Әлемде күн сайын, сағат сайын бір жаңалық болып жатыр. Осындайда бір жерде омалып отыра бермей сол жаңашылдықты (реформаны) өзімізге де әкеп енгізіп, саясатта да, қоғам өмірінде де біртіндеп болсын өзгеріс жасап жатсақ керемет емес пе!


Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста