Неге қыздарымыз "тоқал" болуды жөн санап жүр?

Қазіргі таңда қыздарымыз "тоқал" болуға оңай келісім беретін болып бара жатыр. Себебін сұрай қалсаң, жігіттер аз деп статистикалық мәліметтерді тізіп тастайды. Бұл бір желеу ғана деп ойлаймын. Өйткені, қыздар көп болса, бойдақ жігіттер де аз емес. Меніңше біз бара-бара жауапкершіліктен қашқақтайтын болып, жеңіл өмірді іздеп бара жатқан жоқпыз ба осы.
Мысалы: "бәйбіше" ге жүктелген жауапкершілік- отбасының отынан кіріп, күлінен шығу, күйеудің қас қабағына қарау және оның киімдерін тазалап, үтіктеп, жұмысқа шығарып салу, күтіп алу, туыстарды қонақ етіп күту т.б.....
Ал тоқалға ондай міндеттер жүктелмейді. Олар өз еркімен өмір сүреді. Не киседе ашық па, қысқа ма өз еркі. Шашын қия ма, көкке, сарыға бояйма тағы да өз еркі. Өйткені қазір баяғы замандағыдай "бәйбіше" мен "тоқал" бір шаңырақ астында тұрмайды. Және "жақсы" жағы кафе, ресторан, достар мен кездесулерге тоқалды ертіп жүреді. Демалыстарға тоқал алып барылады. Сыйлықтың қымбат бағалысы тоқалға. Тоқалдарға қашан да жол ашық, қысқаша айтқанда "зелёный цвет" .
Мен ер азаматтарға сын айтайын деп отырған жоқпын, тоқал алам десе кім "қой" дейді, алса ала берсін, бірақ "тәтті өмір" тоқалға, "ащы өмір" бәйбішеге болып қалмасын.
Қыздарымыз "тоқал" болудан алдын ойланса екен, мына жалған дүниеге тек ойын- күлкі, сауық-сайран салу үшін келмейміз. Сол "тәтті өмір" уақытша! Ат айналып үйірін табады демей ме, уақыт өте келе сол азаматтар өз бәйбішесі, бала- шағасына қайтатыны белгілі. Жылтырап көрінгеннің бәрі алтын емес!!!

Әсел Мақсат
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста