Жұмыстан келе жатсам, бір қыз көлік тосып тұр екен. Тоқтай қалдым. Әп-әдемі қазақтың қызы. Бірақ артқы орындыққа отырып жатқанда байқағаным, ептеп ішіп алған секілді көрінді.
-Наурыз құтты болсын, қарындасым! Наурыз көже іштіңдер ме? - дедім әзіл-шыны аралас.
-Ішкенде қандай, ағасы. Құрбыларым көжеге арақ қосып беріпті, ептеп қызып қалдым. Ішкен соң, біржолата ішейін енді. Таныс жігіттерге кетіп барамын, - деді қарындас.
Мен не айтарымды білмедім. "Атауыңды ішкір" дедім ішімнен. Әңгімеміз әрі қарай жараспады. Тиісті жерінен тастап кеттім қызды. Осындай да болады екен...
Жолдасбек Дуанабай
Facebook-тегі парақшасынан