Мына алаяқтардың ісіне күллі әлемнің аферистерінің аруағы күңіреніп жатқан шығар

ДОМБЫРА мен НЕЛЬСОН МАНДЕЛА


"Егер тіл мен мәдениетіңді қорғай алмасаң, шекараңды ашып тастай сал, бәрібір неңді қорғайсың? Бұл енді сенің елің емес..."

Нельсон Мандела, ұлы диссидент,
Нобель сыйлығының лауреаты

 


Домбыра - қазақ мәдениетінің басты символы. Қарабайыр айтсақ, символға - символ сияқты қарауымыз керек. Мәселен, Германияда Холокост туралы бір ұшқары пікір айтып қалсаңыз, ертеңіне сотталып кетесіз. Себебі ол еврей ұлтын қорлау болып саналады. Осылайша, еврейлер өзінің трагедиясына дейін ұлтына қорғаныш етіп қойған. Ал біз 32-нің нәубетінде ұлтымыздың тең жартысы 3 миллион қазақ аштан өлсе де оны әлі күнге дейін геноцид деп айта алмай келеміз. Өйткені Ресейдің көңіліне қараймыз.
Сондықтан келешекте ұлттық символдарды қорғайтын заң шығару керек. Ол үшін алдымен ұлттық символдарымызға қандай құндылықтар жататынын анықтап алғанымыз жөн. Сонан соң Ұлттық символдарды қорлаудың қандай да бір белгілері байқалды ма, мемлекет бірден шара қолдануы қажет.
БАҚ Қасқабұлақтағы шетін оқиғаның ар жағында үлкен ақша мен жат идеологиялық қастандықтың тұрғанын әшкерелеп берді. Бұл домбыраға жасалып жатқан ешқандай сый-құрмет емес, қайта домбыраны ұлықтап жатырмыз деген ұранмен, аңқау қазақты қазіргі жастардың тілімен айтқанда "чувстводан ұрып қойып" ақша жасап алудың қитұрқысы екенін айтып бағудамыз. Бұл қауіпіміз расқа айналды, "Домбыраны дүниежүзінің табанына таптату" жобасына мемлекет қазынасынан 1,6 миллиард қаржы бөлініпті. Ұлттық аспапты мемлекеттің осындай мол қаржысына қорлатып жатқан жобаның авторлары кеткен ысқаяқ, кеткен сұрқия! "Ауғанбай туғанда - армян жылапты" дегендей, мына алаяқтардың ісіне күллі әлемнің аферистерінің аруағы күңіреніп жатқан шығар
Кешелі бері кие деген жоқ, ол бос сөз деп жазып жатқан жастарды көрдім. Уаһабизм идеологиясы өтіп кеткендердің "мал" болмайтынын.уақыт көрсетіп жатыр. Бұл өте қауіпті үрдіс. Мұның алдын алу керек. Қазаққа уаһабизм келген соңғы 20 жылда аруаққа шет болып, киемізді қашырып бақтық қой, Енді аруағымызды қайта шақырып, киемізді қастер тұтатын кезіміз келді.
Киесіз ел - иесіз ел...

Ерлан Төлеутай
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста