Менттер: "Шайтан көбіне ешкі кейпінде келеді"
Сіздерге бір қызық айтып берейін. Осыдан екі-үш ай бұрын Шардараға барған едім. Бір-екі жігіт «пиволатып» отырсақ екі «мент» келді.
Қасымдағылардың танысы екен. Удай мас. Бізбен отырып тағы ішті. Танысып, әңгімелесіп отырмыз. Маған «тост» берді.
«Ал, еңбектеріңіз жана берсін, қылмыскерлерді қырып ұстаңыздар, ұры-қары қалмасын» десем: «Тәйт, олай деме, жеп отырған нанымызда нең бар» дейді. «Оу, қылмыс азайса, ұры жойылса саған абырой емес пе?» десем бой берер емес.
Бір кезде өрекпіп: «Ия, біз ешкіміз» деп қойып қалды. Өтірік айтсам имандай шыным. Бұлар өздерінің кім екенін бізден жақсы біледі екен. Шайтан көбіне ешкі кейпінде келеді демеуші ме еді? Мыналар да сол кейіпте жүретіндерін мойындап отыр.
Дәурен Әбдіраманов
Facebook-тегі парақшасынан