Маған Құдайдан Құдайдың айыршылығы жоқ қой, қомпылдатып соғып алдым...

Төрт-бес жыл бұрын, күн жексенбі, әлде сенбі ме, анық есімде жоқ, әйтеуір демалыс еді. Ұйқым қанса да тұруға ерініп, сотка шұқылап жатқам. Кенет шешемнің әлдекіммен шүлдірлесіп жатқанын құлағым шалып қалды. Әдетте апам ресми тілде қоңырау шалғандар болса, бірден маған немесе көкеме бере салатын. Бұл жолы телефон трубкасынан айрылар емес. «Спасиба, спасибасын» аса бір ырзалықпен қайталап қояды.
Сол уақытта біз тұрған подъездің бірінші қабатында жалғызбасты кейуана бар-тын. Балдаққа сүйеніп, қалт-құлт етіп әрең жүреді. Сонда да есік алдына шығып отыруын ұмытпайды. Неге екенін білмеймін, «Ит жеме» атты әңгіменің (авторы Дәурен Қуат ағам болуы керек) әсері ме, мен ол кісіге жылыұшырай қараған емеспін. Жолда кездессе құлықсыз қолтығынан демеп, үйіне кіргізіп жібергеннен өзге жақсылық істеген жерім жоқ. Есесіне, апам үнемі бәйек болып жүретін. Біреуі орысша, біреуі қазақша «қақпайтын» екі кәрі қалай түсінесітінін қайдам, сағаттап есік алдында «сөйлесіп» отырады. Құдайы шелпек пісірсе апам әуелі соған апарып береді, тамақ артық боп қап жатса, табаққа түсірмес бұрын бірінші қабатқа жүгіреді. Кемпірлердің ісінде менің шаруам қанша, мән бермейтінмін.
Апама звондап жатқан сол «подругасы» боп шықты. Пасха мерекесіне арнайы нан, боялған жұмыртқа әзірлеп, тек жоғары қабатқа шығуға шамасы келмей, «өзіңіз алып кетесіз бе?» деп өтініш қылған түрі екен.
Қанша жерден «подгурасы» болса да, апам мен көкем «өзге діннің тамағын ішуге» батпай қойды. Маған Құдайдан Құдайдың айыршылығы жоқ қой, қомпылдатып соғып алдым. Ерекше дәмді сезілді.
«Ұлттар достығы деген болмайды» дейтін ойым, осы оқиғадан соң 180 градусқа өзгерді. Қарапайым адамдарға саясатыңның құны көк тиын. Сыйластық болса, тіл де, дін де, діл де кедергі емес.
Бүгін сол есіме түсіп, тіліме дәмі кеп жатқаны.
Пасха құтты болсын!!!

Абылай Мауданов
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста