Күйеудің күңірене шыққан дауысынан ішіп отқан тамағыма шашалып қала жаздадым...

ӘКІМ

Есімін қанша естісем де, тіпті қанша рет газетке жазсамда ауылымыздың әкімінің атын ұмытып қала беремін. Өйтпегенде ше? Өзінің түрін кеше ғана көрдім емес пе? Аузын ашса, жүрегі көрінетін ақкөңіл, керемет-ақ жан екен. Мен тұратын көп қабатты үйдің мәселесі бойынша кіріп кетуімді сұранған.
Маған да керегі осы. Іздегенге сұраған. Сол көп қабатты үй маған да сор болды. Ішім толып-ақ жүр еді. Ақтарылуға зор мүмкіндік туды. Бір шетінен әкімнен сұхбат алып, газетке әдемі мақала да дайындаймын.
Бір оқпен екі қоянды жайратамын.
Керемет емес пе?
Қойшы сонымен не керек бүгінгі күнге әкімге кіруді жоспарлап қойғанмын. Адамның дегені болмайды, Алланың дегені болады-деген рас екен. Ойламаған жерден соқырлар қоғамынан екі көзі бірдей көрмейтін, жанына қолтықтаған көмекшісін ертіп, жасы сексеннің сеңгіріне келген атаның келе қалғаны. Сұхбат беруге келіпті. Өзінің білім саласында ауданға сіңірген сан жылғы еңбегін, одан қала берді, алған Алғыс хаттарын, Медальдарын, көптеген шәкірт тәрбиелегенін, олардың қандай қызметте істегенін айтып бірнеше сағат уақытымды ұстады.
Өте білімді кісі. Көрініп тұр. Өзі өзге ұлт болса да, қазақшасы судай.Көзі көрмесе де, қай жерден, қай сөзді ұмыт қалдырғанымды сезгендей, қайталап тұрып айтатынын қайтерсіз? Күлсең кәріге күл - деген.
Ата өз өмірбаянын айтқанда, үтір-нүктесіне дейін, тіпті қажетханаға барғанына дейін баяндағаны еріксіз күлдірді. Әріптестерім де күлкіге көмілген. Атаның сөзі таусылар емес. Түскі ас мезгілі болып қалғанын айтып, зорға қайтардық.
Шаршап-ақ қалыппын. Ендігі мәселе уәде бойынша әкімге кіру. Қас қылғанда атын ұмытып, әріптестерімнен мың қайтара сұрадым. Соңында ұмытып қалмайын деп, есімін бадырайтып алақаныма жазып алдым. Блокнотқа да жазса болады. Бірақ ол жерде айқыш-ұйқыш жазылған жүздеген адамның есімі бар. Жүздің ішінен адасқаннан, алақанға қарай салған оңайырақ.
Алақандағы жазуға мың қарап, атын ұмытып қалмай әкімге кірдім, көп қабатты үй тұрғындарының мәселесі талқыланды. Өзім де ақтарылып жеңілдедім.
Әкімшілік ғимаратынан көтеріңкі көңіл күймен шығып, үйге қарай тартып отырдым. Көңілімнің көтерілгені сонша, үйге келіп ыңылдап ән айтып, тамақ пісіріп жүрмін. Ол да тез пісе қалды. Барлығын стол басына шақырып, кәйіппен тамақтанып отқанбыз.
- Әәә, ұсталдың ба?
Күйеудің күңірене шыққан дауысынан ішіп отқан тамағыма шашалып қала жаздадым. Балалар желкемнен ұрып жүріп өз-өзіме келтіріп алды.
- Табан астынан дауыс көтеріп не болды? - деймін жазықсыз жапа шеккендей адамдай кейіп.
- Атын бадырайтып жазып алып еще не болды дейсің бе?
Дереу алақаныма қараппын. Өзіме де обал жоқ. Не толька бадырайған, адырайтып жазып қойыппын. Қол жуған кезде толығымен өшпей қалып кеткен екен.
Баяғыда емтиханға кіретін кезде алақанымды шпаргалка қылатын едім. Ойланып отырған адамдай, алақанға қарап зырылдататынмын. Пайдасы тиді.
Ал бүгінгі әрекетім өтпеді.
Сарымыз томсырайып қалды...
Томсырая берсін.

Салтанат Абылбекова
Фейсбуктегі парақшасынан

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста