Кеңес Одағын менің тілегім құлатты

Кеңес Одағын менің тілегім құлатты

Екінші сыныптың оқушысымын. Сабақ ерте біткен соң, интернат ауласында сызылған шеңберлерді жағалап, ойынға кірістік.
Бір уақытта Рысқадыр ағай әмірлі даусымен бұйрық беріп, оныншы сынып оқушыларын сапқа тұрғызды. Әскери сабақты көруден артық қызық жоқ. Ойын жайына қалды. Біріміздің әпкеміз, біріміздің ағамыз тұр ол сапта. Бой-бойларымен тізіле қалған оқушылар бастарына «противогаз» дейді ғой, газдан уландырмайтын құралды кие бастады, ағайдың бұйрығы бойынша санаулы секундтарда киеді, қайта шешеді, киеді, шешеді... Ең бірінші тұрған қыз сыныптастарына ілеспей қалыс қалып қойды.
Мұғалім ұрыса бастады:
«Қалма, Сартаева, тез»... Сырт көзге Жанар ағайдың сөзін менсініп те тұрған жоқ секілді. Өзімен-өзі, ой құшағында. Оған енді жанында тұрған өзге оқушылар назар аударды. Сайын бастаған күлкіні достары да іліп әкетті, қарқылдап барлығы күледі, біз түсінбейбіз, ағай да аң-таң, әлден уақытта Сайын: «ағай, Сартаеваның противагазы жыртылып қалды» дегені. Жанардың басы үлкен болатын, ірі, етжеңді қыз еді. Сол кезде менің де ішімді итжыртқандай: «Мәссаған, кейін бізге осындай сабақ болса, мен де бүлдіремін ғой. Менің де басым жалпақ, жыртып қойсам, сыныптастарым күлкі қылады ғой». 
Сол күннен бастап «бізде мұндай сабақ болмасыншы» деп құдайдан тіледім, «противогаз кимейікші, Құдай» деп өзімше Құдай туралы бар білетінімді айтып күбірлей бердім. Шынымен, мен тоғызыншы сыныпқа жеткенде кеңес үкіметі құлап, не комсомол болған жоқпын, не әскери дайындық сабағын оқымадым, қысқасы противогаз киіп, оны жыртатындай күлкіге қалмауды жазды, Жасаған. Есесіне, Тәуелсіз елдің Атамекен оқушылар операциясының құрылғанына қуанып, сабағымды жалғастыра бердім...
Ғалия Шаудырбаева
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста