Ештеңенің мәнісіне бармай, құр босқа шуылдағанды доғарайықшы...

"КӨП ШУЫЛДАҚ НЕ ТАБАР..."


Сырт Қасқабұлақта іске асатын жобаға қатысты "Домбыра" дауы толастайтын емес. Жұрттың бәрі "Домбыра – киелі!", "Домбыра – киелі" десіп, шу-шуырқан болысып жүр.
"Домбыра – киелі" деуден бұрын, алдымен "Кие" деген сол сөздің көнеден келе жатқан нақты ғылыми-философиялық мәні мен мәнісін һәм маңызын білмек абзал. Ал,"Домбыра – киелі" деп жүргендер соны біле ме екен? Әй, қайдам...
Тегінде, Сөзтанымға салсақ, көпмағыналы Кие деген сөздің түп нұсқасы - КІЙЕ (КІЙ+е). Түбірі - КІЙ. Тәуесімдік мағынасы: "Қандайда бір нәрсені көлденеңінен көктей өтуші". Оның көркемфилософиялық сырын ары қарай тереңдете берсек, көлемі біртомдық ғылыми еңбек боларлықтай ұзақ әңгімеге кетеміз.


***
Негізінде, КІЙЕ ұғымы - ІЙЕ (қазіргі сөздік қате үлгісі: ИЕ) ұғымымен жұп құрайтын симбионт. Яғни, "ІЙЕ+КІЙЕ" тандемі. Оның сансыз мысалдарының бірі ретінде салтаттыны ("кентаврды") алуға болады. Сондағы жылқы - "Кійе". Оны адам ретіндегі ІЙЕ (культтік бұл терминді біз талдап жатпаймыз) басқарады. Адам - вертикаль сипаттағы Күн мен Күн нұрын және к ү н т е к т і л і к т і білдірсе, "жылқы" горизонталь сипаттағы Жерді және жертектілікті ишаралайды. Дәл сол сияқты, домбыраның өнер көрсеткен кезде, ІЙЕ ретіндегі өнерпаздың тік (вертикаль) тұлғасына көлденең (горзонталь) ұсталатыны да, оның «ІЙЕ (өнерпаз) басқарымындағы КІЙЕ» (киелі) болатыны да содан. Демек, ондай «ж е р т е к т і н і ң» г е о г л и ф т і бейнесінің түрлі өнер туындылары ретінде Ж е р бетінде орналасуында да ешқандай сөкеттік жоқ. Оны қылмысқа балау - күлкілі.
Қош. Дана бабаларымыздың көркем философиясы бойынша, кійелілердің атасы – Шаңырақ. Жербетіндік барша тіршілік иелерін (оның ішінде адам баласы да бар) жаратып-таратып тұрушы Күннің символы. Айтпағымыз қысқа да нұсқа болу үшін, біз оның да атауын талдап жатпаймыз. Бірақ, Бестанымның (БЕСТАНЫМ: Адамтану-Табиғаттану-Күнтану-Ғарыштану-Тәңіртану) сегіздік жүйесіндегі аналогиялық нақылдардың бір парасын назарларыңызға ұсынайық:
«Сегіз қиыр Шартарап». Киіз Үй сипатындағы Жарық Дүние. Төбесінде – Күн («Шаңырақ»).
«Сегіз қанат ақ Орда». Төбесінде – Күнсипатты Шаңырақ.
«Сегізқырлы, бірсырлы Ер». Күнбасты адам. Төбесіндегі тақиясы – жоғарғы екі аналогияның символы.
«Сегізқырлы өткір Сөз».
«Сегізқырлы сар(ы) садақ».
Бестанымдық осы көркем формулалардағы ғылым мен білімнің нышандарын кез келген сұңғыла жан бірден байқайды да, олардың мәнісіне терең үңіліп, ұғынуға тырысады. «Көкірегінде оты бар ойлы адамға бұл сөзімнің суреті тұрар дайын» (Абай).


***
Біз Сөзге ешуақытта мән бермейміз, сырына үңілмейміз, жатқа соғып, құр айта береміз. Себебі, мойындауымыз керек, Бестанымның «алтын кілті» саналатын Сөзтанымнан да дым білмейтін мәңгүрт жұртпыз. Түбегейлі мәңгүрттеніп болдық десек те болады. Ұстанымымыздың «Өзің білме, білгеннің тілін алма» болатыны да содан. Ол – шайтандық.
Мысалға «... басына хан көтеру» фразеологизмін алайық. Бұл да – өзіміз қолданып жүрген сансыз жарымжан сөздердің бірі. Сөздердің жарымжандануы да – мәңгүрттіктің кесірі. Тегінде ол сөз тіркесінің әуелгі толық нұсқасы «Тау басына хан көтеру» еді. Инаугурация мәнісін айқындайтын көне нақыл. Қайтеміз енді, иісалмастығымыздың кесірінен, сондағы қасиетті Тау (Әлем-тау) культі де, төбе культі де мүлде ұмытылды. Осы арада сол Әлем-тау туралы бір сөз айта кетейік.
Дана бабаларымыздың кемел дүниетанымы бойынша, «Мына Жарық Дүние – «қандайда бір нұрлы тау (Әлем-тау)». Оның басында – жербетіндік барша тіршілік иелерін жаратып-таратушы Күн (оны «қандайда бір ғажап нұрлы мый» десек қателеспейміз). Оны өз Ійесі (Эго-Рухы-Құдайы) басқарып тұрады. Айналып келгенде, жербетіндік өмірді жаратушы да, таратушы да, басқарушы да – сол Рух-Құдай». Аналогиялары: 1. «Адамдық Эго – «Күн Ійесі», адам Басы – «Күн», денесі – «Әлем-тау». 2. «Патша – «Күн Ійесі», патшаның жарлықтары – «Күн нұры», халық – «Әлем-тау». 3. «Күн Ійесі – мәңгі», Күн – «мәңгілік», Күн нұры – «он екі ай». 4. «Қош Еге – Бастағы Бақ Ійесі, Бас – Бақ (Көсеге), Бақ «нұры» – он екі мүше». 5. «Хан – «Күн Ійесі», Алтын Орда – «Күн», онекітайпалы Ел – «Әлем-тау», т.с.с.


***
Бұрынғы хандық замандарда, «Тау басына хан көтеру» аталмыш инаугурация «Хан – «Күн Ійесі», Ханның алтын Ордасы – «Күн», онекітайпалы Ел – «Әлем-тау» ұғымы негізінде өтетін болған. Яғни, Күн символы ретіндегі Шаңыраққа Күннің ақ нұрын бейнелейтін ақ түңлік жабылады. Оның ІЙЕ мен КІЙЕ симбиозын бейнелейтін күлдіреуішінің қақ ортасы я төбесі саналатын тұсына, қолына алтын жақ пен төрт күміс жебе («Жақ»-Күн мен оның төрт тарапқа тарайтын «жебе»-нұры» /киіз үйде ол – уық-«уқ» яки «оқ»/ символикасы) ұстанған алтынкиімді хан (алтын да – Күн символы) малдасын құрып, көтен басып отырады. Сондай Шаңырақты хан басқарымындағы онекітайпалы елдің он екі көсемі (бір аналогы: Темучинді Шаңыраққа көтеріп, Шыңғыстаудағы «Хан Биігіне» алып шыққан он екі Бій) әр тұсынан айнала ұстап, төбелеріне көтере, «Әлем-тау» саналатын қасиетті таудың басына алып шығады. Сонда, алтынкиімді күнтекті хан өзінің алтын жағымен төрт күміс жебені төрт тарапқа атады.
Ғалым-суретші Ағымсалы Дүзелханның еңбектерінде де тамаша көрініс тапқан сол көне инаугурациялық салтанаттың көркемфилософиялық мазмұнын талдап айтып жатудың өзі артық. «Көкірегі – сезімді, көңілі ойлыға бәрі де анық тұрмай ма, ойлағанда» (Абай). Ал, «Жақшы – «Күн Ійесі», Жақ – «Күн», жебе – «Күн нұры» ұғымына орай, «Гераклдың садағы», «Тарғытай мен оның үш ұлы», «Оғызнама» сынды мифтік дүниелерді шолып шығуға да болады.


***
Ежелгі «Тау басына хан көтеру» атты көне инаугурация атрибуттарынан бүгінге қалғаны – «ақ киіз» ғана. Әне, ол да – мәңгүрттіктің салдары. «Ақ киіз» демекші, «Құлагер» киносында ма еді, ұмытып отырмын, бір кинода «ханды» ақ киізге отырғызып, төрт жағынан төрт адам саумалай көтергенде, ана «хан» байғұс кенепке түскен құбыжықтай, кигіз ішінде тыпырлап қалды. Ал, «Қазақ Елі» киносындағы «хан» ақ киіз жабылған кәдімгі зембілде отырады да, соны жұрт көтеріп алып, дөң басына алып шығады. Оған да тәуба, «Әлемтау» ұғымының ишараты бар.


***
Сонымен, киелілердің ең киелісі – Шаңырақ екен. Оған да ханның көтені тиеді екен. Олай болса, «Хан көтені тиетін зат» деп, оны тәрк еткен ата-бабамыз бар ма еді? Қазақ үшін, Шаңырақ қашанда қасиетті. Сол сияқты, «Күн мен Күн нұры» бейнесінде жасалған домбыра да – қасиетті.
Қорыта келгенде, әңгімемізді домбыра туралы жоғарыда айтып өткен мына тұжырыммен аяқтаймыз:
«... Дәл сол сияқты, домбыраның өнер көрсеткен кезде, ІЙЕ ретіндегі өнерпаздың тік (вертикаль) тұлғасына көлденең (горзонталь) ұсталатыны да, оның «ІЙЕ (өнерпаз) басқарымындағы «КІЙЕ» (киелі) болатыны да содан. Демек, ондай «ж е р т е к т і н і ң» г е о г л и ф т і бейнесінің түрлі өнер туындылары ретінде Ж е р бетінде орналасуында да ешқандай сөкеттік жоқ. Оны қылмысқа балау – күлкілі».


P.S.
«Абай домбырасы» жобасына қатысты шу әлі басылған жоқ. Алдыңгүні осы желіде, сондай байбаламның «ортасында» күйіне отырып, сол жобаны қолдағаным үшін, өзімді жазғыра сөйлеген қадірлі бір құрдасыма ашу үстінде артық сөз де айтып қалдым. Соным үшін кешірім де сұрадым. Бірақ, сонда айтқан сөзім дұрыс болмаса да, ашуым дұрыс еді ғой. Ештеңенің мәнісіне бармай, құр босқа шуылдағанды доғарайықшы, қадірлі байбаламшыл достар!

 

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста