Адамдар жаппай біреуді жамандай берсе, сол адамды зерттеп кететін әдетім бар. Сөйтіп көп адаммен достасып кетіп едім. Бұрын Ninety One тобының әндерін көлікте радиода қойылса ғана тыңдаушы едім, қазір компта күнде тыңдаймын.
Қара пиарын жасаған жандарға рахмет. Американ стайл жақсы ән тыңдайтын болдым. Көңілді көтеретін, тойға арналмаған әндер көбейе берсін.
Кезінде Modern Talking, ABBA, Boney-M топтарының тыңдармандарын да ұлтты құртатын болдыңдар деп кінәлаған ба екен? Уақытша құбылыс пен бір-екі жылдық қызығушылық үшін жаға жыртыспайық. Ешкім, ештеңе мәңгілік емес, бәрі де өтеді, кетеді.
Нұрлан Жанай
Facebook-тегі парақшасынан