Есімін АйнурА, МаралА, СамалА деп бұрмалап айту овчарка, лайка деген сияқты естіледі

Сырттай сыйласатын бір танысымның әйелі босаныпты. Таңертең маған телефон шалып, "Жолымбет, бізге қарағанда сен кішкене бірдеме (сөзді қарасаңшы!) білесің ғой. Саида мен Аида деген аттың қайсысы жақсы, таңдап берші" дейді. Неге ондай есімді таңдадың деп сұрасам, "қазір осындай аттар мода ғой" деп қарап тұр. Аида дегенше қазақшалап "АЙНАЗ" деп атасаңшы, Аида-Саида дегендері сарттың аты секілді ғой" деп едім, ойланып қалды да, ақыры "АЙНАЗ" дегеп әп-әдемі атқа тоқтады. Қазақ тілінде Аида-Саида деген ат та, сөз де жоқ. Бізде екпін екінші әріпке түсіп, АЙДА, САЙДА деп айтылады да, "и"-дің басы түртіледі. Қазақтар атты, мәшинені, малды АЙДАйды.. Жалпы, қыздың есімінің соңы "А" әрпімен бітпейді. Гүлнәра, Сәбира дегендер де орыстың ықпалымен пайда болған кірме калькалар. Сабыр (неге олай деп атағанын) дейтін бір апайымды білетінмін. Қалаға барған кезде оны сақау орыстар "Сабира" деп атап жіберіпті. Екінші класта бізде ҚҰРТҚА дейтін қыз оқыған. Кейін паспорт алғанда оның да есімін "КУРТКА" қылып тастапты. Былай қарасаң, ҚҰРТҚА деген нағыз қазақтың есімі. Қобыландының сүйген жарының есімі ҚҰРТҚА болатын. Қасқырдың (қазақтың тотемі) ұрғашысын да құртқа дейді. Өз есімін орыс мәнерімен (НаташА деген сияқты) АйнурА, МаралА, СамалА деп бұрмалап айтатын ақымақтарды да түсінбей алмай жүрмін. Маған онысы овчарка, лайка деген сияқты болып естіледі де тұрады. Түркияда тәнін сатып ақша табатындарды сыртынан "наташа" дейді екен. Ұлттық санасыздыққа ұласып бара жатқан осындай құлдық психологияны қою керек қой...

Жолымбет Мәкіш.

Facebook-тегі парақшасынан

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста