Екі күйеуге бір келіншек

Жақында мынадай қызық жағдайға тап болдым. Жұмыстан бос уақытымда такси болатын әдетім бар, сол әдетіммен келе жатсам, бір әйел адам қол көтере қойды, ақшасына келісіп, баратын жерін айтып, ішке отыра сала қалта телефонымен біреумен сөйлесе жөнелді. Байқаймын апай әлденеге ашулы, арғы жағындағы адамға бір нәрселерді дәлелдеп әлек, кейде жұбатып қояды, ойлап қоямын "Біреу ақшаға лақтырған-ау" деп... Ондайда адамның басына неше түрлі ойлар келеді ғой, негізі біреудің үй ішілік әңгімелеріне араласқанды ұнатпаймын, Бірақ дәл қасыңа отырып алып, дауыстап сөйлесіп отырса амалсыз тыңдайсың ғой. Содан не бастарыңды ауыртайын, діттеген жерге келген соң әлгі адаммен сөйлесіп болып, ақшасын төлеп жатты да: "Біздер осындай сұмдыққа тап болып жатырмыз" дегені, "Тыныштық па?" дей қойып едім, өзі де әзер отырған адам екен, ағытылып қоя берді... Былай болған екен. Жақында Алматыда тұратын жиені Атыраудың қызына үйленіпті, Алматының қақ ортасындағы мынау деген банкет залға үйлену тойлары жасалыпты. Тым жақсы қыз екен, ай жарымға дейін еш сыр бермеген екен. Бір күні үйге телефон соғылып, жігіттің шешесі тұтқаны көтерсе, арғы жағындағы келіннің шешесі: "Қызыма айтыңдаршы, үйдегі екі баласын алып кетсін!" деп қарап тұрған көрінеді  "Құдағайы шалқасынан түсіпті, мұны естіген жасы 80-ге келген жігіттің нағашы шешесі талып құлаған, "Жедел жәрдем" шақыртылып, қырылып қала жаздапты. Сөйтіп әлгі әйел Атыраудағы сіңлісіне телефон шалады "Солай да солай, келінсымақтың үй-ішін тексеру керек, не деген адамдар? Мынау масқара рас па?" деп... Мына кісі сондай шаруалармен шапқылап жүріп маған жолыққан екен, Бір қызығы - әлгі келіншек әлі бұрынғы күйеуінен ажыраспаған көрінеді. "Осы шаруаны бір жағына шығармай тынбаймын" деп ызғарланып отырды...
Міне ағайын, осындай да жағдай болады екен...

facebook.com

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста