Бізде бәрі горона мен директор

Биылғы жылғы бакалаврға бөлінген 73 000 грантқа 94 000 абитуриент құжат тапсырған. Осыған оқуға түсе алмаған адам болса, ары қарай ақылы оқыту күнә деп ойлаймын.
Мұндай беталды грант тек бізде шығар.
Дипломы бар жұмыссыз дайындайтын комбайн ба дерсін.
Жалпы магистратурасы бар, доктарантурасы бар 88 000 грант бөлінген екен. 3653 серпіні бар.
Ауылда бір інім кемені жөндеу дегенге оқуға түскен болатын. Кеме жоқ қой бізде оны қалай жөндейсің дегем. Қазір жұмыссыз жүр. Бұл да бизнес па дим. Әлде жастарды осылай грантпен алдай тұру секілді көрінеді маған.
Одан да әр адамды универде оқыта бермей мектеп бітірген кезде қолына бір мамандық беріп шығарса ғой.
Қазір шаштаразға барсаң 90% дипломы бар. Шаштараздың оқуы жоқ. Жәй курс оқыған шығар. Бірден мектепте осындай курстарды бітіртіп, қолына дипломын берсе ғой.
Маман жоқ. Дипломы көп адам көп.
Германияда дүкенге сатушы болса да алдын ала оқытады. Кішкене курс секілді. Бізде бәрі горона мен директор.
Сабит Рысбаев
Фейсбуктегі парақшасынан
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz





